Вернуться к списку статей

Доп додасы қызды – бейбіт тарасу деген жоқ

Футбол
1K
Бүгін Қазақстан премьер-лигасында ХХІV турдың қалған ойындары өтіп, көш басындағы және соңындағы командалар жеңіске жетті. Кешегі екі матчта да, бүгінгі төрт ойында да тең аяқталған кездесу жоқ.

Астана Ордабасыны үшінші рет ұтты   

«Астана» өз алаңында «Ордабасыны» тізе бүктіріп, өкшесін басқан «Қайраттан» қайтадан ұзай түсті. Екеуінің арасы осы турға дейінгідей жеті ұпайға жетті. Бұл турде екеуі де сүрінген жоқ.

Әдеттегідей, бүгінгі ойында да «Астана» клубының гол соғатын мүмкіндіктері біршама болды. Бірақ теңбіл допты қонақтарының қақпасында екі-ақ рет тулатты. Оның біреуін – пенальтиден. «Ордабасы» ойыншылары да бірді-екілі ұрымтал сәттерде мүлт кетіп, бармақтарын тістеді.

Айтпақшы бұл ойында алаң иелері сапындағы Игорь Шитов орталық қорғаушы міндетін атқарды. Ал қонақтар құрамындағы Самат Смақов қорғаныстың сол қанатында ойнады. «Астананың» шабуылшысы Джордже Деспотович қақпашымен бетпе-бет шықса да, гол соға алмай, сенім үдесінен шыға алмады.

Сөйтіп, «Астана» «Ордабасы» командасын биылғы маусымда үшінші рет тізе бүктірді. Бірінші айналымдағы екі ойында да 3:1 есебімен ұтса, бұл жолы да екі доп айырмасымен басым түсті.

«Астана» – «Ордабасы» – 2:0

Голдар: Нұрғалиев, 2-пенальтиден. Твумаси, 50.

«Астана»: Эрич, Шомко, Аничич, Шитов, Бейсебеков, Максимович (Каньяс, 46), Тағыберген, Твумаси, Ибраими, Нұрғалиев (Мұжықов 79), Деспотович (Кабананга, 73).

«Ордабасы»: Бекбаев, Смақов, Абдулин, Трайкович, Симчевич, Диакате, Чатто, Төлебек (Әшірбеков, 71), Гогуа (Гейнрих, 61), Тұңғышбаев, Касалица (Марцваладзе, 61).

Көш соңында бәсеке көрігі қыза түсті

Екінші алтылықта бәсекелестік қыза түсті. Алғашқы алтылыққа соңғы турда ғана ілікпей қалған «Тобыл» мен «Атырау» түзде ұтылды. Қостанай клубы «Жетісудан» жеңілсе, атыраулықтар «Таразға» есе жіберіп алды. Екі матчта да голдан екінші таймда соғылды.

Ал «Шахтер» мен «Ақжайық» арасындағы матчта ойын тағдырын төреші Айдын Рахымбаев берген пенальти шешті. Орал командасы Қарағандыда жеңіске жетіп, «Таразға» жақындай түсуге тырысты-ақ.

Алайда жоғарыда жазғанымыздай, бұл турда «Тараз» да қоржынына үш ұпай салды. «Ақжайықтан» сол баяғысынша бес ұпай озық тұр. Енді «Шахтерге» де қамшыны басу керек...

«Жетісу» – «Тобыл  2:0

Голдар: Бегларян, 65. Касьянов, 76.

Жетысу: Шабанов, Сағындықов (Азовский, 73), Клайн, Вага, Әмірсейітов, Әділханов, Шайыхов, Боровский (Калинин, 59), Касьянов, Джалович, Бегларян (Джерманович, 78).

«Тобыл»: Петухов, Мирошниченко, Яворский, Кассай, Гурман, Жулпа, Мухутдинов, Деак (Джалилов, 69), Жұмасқалиев (Хижниченко, 69), Асильдаров, Савич (Шимкович, 73).

«Шахтер» – «Ақжайық» – 0:1

Гол: Ортиз, 57-пенальтиден.

«Шахтер»: Шацкий, Тарасов (Горячий, 46), Василевич, Садовничий, Пикалкин, Скорых, Сзоке (Ветров, 53), Зошак (Тәттібаев, 80), Байжанов, Уббинк, Симоновски.

«Ақжайық»: Төлебаев, Сергиенко, Одибе, Сапанов, Әбдірахманов (Розыбакиев, 68), Говедарица, Омаров, Валиуллин (Тотай, 89), Ортиз, Дудченко, Лечич (Шурыгин, 90).

«Тараз» – «Атырау» – 1:0

Гол: Мане, 70.

«Тараз»: Григоренко, Киров, Воротников, Мера, Данилюк, Григорьев (Таубай, 60), Яковлев (Нұралы, 90+2), Сүлей (Алиев, 67), Эргашев, Мане, Тәжімбетов.

«Атырау»: Нарзикулов, Чуреев, Мулдаров, Ламанж, Эсатов, Коробкин, Эссаме, Куртеян (Федин, 75), Шабалин (Трытко 65), Макась (Маров, 80), Аржанов. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика