Вернуться к списку статей

Сараптау комиссиясының құрамында неге тәуелсіз мамандар жоқ?

Футбол
2K
Қазақстан футбол федерациясының президенті сараптау комиссиясын құрды. Фото: kff.kz
Кеше Шымкентте Қазақстан футбол федерациясының ХІІІ конференциясы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, шешімдер қабылданған.

Осы конференция барысында Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов сараптау комиссиясын құрғанын мәлімдеді. Бұл комиссия бұған дейін ғаламторға тарап кеткен, дауыстары премьер-лигадағы екі клубтың басшысына ұқсас, екі адамның сөздеріне тергеу жүргізетін сияқты.   

ҚФФ президентінің мәлімдемесіне сүйенсек, аталған комиссия 10 күннің ішінде «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтары арасындағы матч келісілген ойын болды ма, жоқ па – соны анықтап беруі керек екен.

Егер бұл келісілген ойын болып дәлелденсе, онда екі команда да ең қатаң жазаға тартылады екен. Сараптау комиссиясы шығарған қорытынды баспасөз беттерінде жарияланатындығы да айтылған.

Комиссия құрамы:

1. С.Байшақов – комиссия төрағасы, ҚФФ вице-президенті, ҚФФ Атқару комитеті мүшесі, ҚР ардагерлер футболы кеңесінің төрағасы;

2. Б.Ергешев – комиссия төрағасының орынбасары, ҚФФ вице-президенті, ҚФФ Атқару комитеті мүшесі, Қазақстан КФЛ төрағасы;

3. Ю.Ярышев – комиссия мүшесі, ҚФФ Атқару комитеті мүшесі, ҚФФ төрешілер және инспекторлар департаменті директорының орынбасары;

4. Қ.Адамбеков – комиссия мүшесі, ҚФФ Атқару комитеті мүшесі, ҚФФ техникалық орталағының басшысы;

5. Н.Бублинский – комиссия мүшесі, Қарағанды облыстық футбол федерациясының атқарушы директоры;

6. В.Малыгин – комиссия мүшесі, ҚР футбол ардагері;

7. Г.Алимов – комиссия хатшысы, Қазақстан КФЛ бас заңгері.

Бір қызығы, кешеден бері кейбір отындық басылымдар комиссия құрамына кірген мамандардың екі командаға немесе федерация президентіне қандай да бір қатысы бар екендіктерін меңзеп, тәуелсіз мамандардың жоққа тән екендігін көлденең тартып отыр.

Бұл ретте, әсіресе, комиссия төрағасының орынбасары Бағлан Ергешевтің ұлы Бақдәулет Қожабаевтың "Ордабасы" командасында ойнайтындығы және күдікті матчта алаңға шыққандығы бөле-жара атап өтілген... 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика