Үш ойында – 15 гол!
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының додасы Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының көлеңкесінде қалып қойса да, ХХІІІ тур біршама қызықты өтті. Мәселен, алғашқы алтылықтағы үш ойында 15 гол (!) соғылды. Сонда, орта есеппен бір матчта – 5 голдан! Керемет көрсеткіш.
«Астана» ел біріншілігінің бірінші кезеңінде азуы батпай қойған «Ертісті» ойсырата жеңіп, басымдық танытты. Алтыннан үмітін әлі де үзе қоймаған «Қайрат» та қалыспады. Түзде құрамы селдіреп қалған «Оқжетпестен» басым түсті.
Ал қола жүлдеден дәмелі «Ордабасы» Көкше клубының сүрінгенін пайдаланып, ұпай айырмасын қысқарта алмады. Сыртт алаңда «Ақтөбемен» тең түсіп, жанкүйерлерін тағы да жасытты.
1-6 орындар
«Астана» – «Ертіс» – 3:0
«Оқжетпес» – «Қайрат» – 1:3
«Ақтөбе» – «Ордабасы» – 4:4
Үш ойында – екі-ақ гол...
Ал екінші алтылықтағы үш ойында бар болғаны екі-ақ гол соғылды. Әрі оның біреуі – пенальтиден. Осы алтылықтың үздіктері, яғни «Тобыл» мен «Атырау» арасындағы матчта есеп ашылған да жоқ. Екі команданың да ынталары аса жоғары емес сияқты ма? Әйтеуір бір сүлесоқтық байқалатындай.
Жеті ойын бойы жеңілістен көз ашпаған «Ақжайық» болса, «Жетісуды» жеңіп, бір желпініп қалды. Әйтсе де, әлі – көш соңында. Соңғы орыннан сытылып шығу үшін басты бәсекелестерінен енді ұтылмауы керек...
«Шахтер» өз алаңында «Таразды» тізе бүктіріп, “қауіпті орындардан” алшақтай түсті. Тіпті Талдықорған командасынан да төмен сырғытты. Бұл төрттікте қызықтың бәрі әлі алда сияқты.
7-12 орындар
«Тобыл» – «Атырау» – 0:0
«Шахтер» – «Тараз» – 1:0
«Ақжайық» – «Жетісу» – 1:0
Премьер-лига додасының кестесі