Бүгін Премьер-лиганың екінші алтылығы да екінші кезеңдегі өздерінің алғашқы ойындарын өткізді. Қарағандыда «Шахтер» «Таразды» қабылдаса, Оралдың Орталық стадионында «Ақжайық» пен «Жетісу» алаңға шықты. Ал Қостанайда «Тобыл» мен «Атырау» кездесті.
«Таразды» бұрынғы ойыншысы жығып берді
«Шахтер» (Қарағанды) – «Тараз» 1:0 (0:0)
Голдар: Уббинк, 66.
Ескертулер: Мера, 83.
«Шахтер»: Шацкий, Уббинк (Дубков 84), Садовничий, Сзоке, Василевич, Зошак (Тәттібаев 72), Ветров, Пикалкин (Горячий 81), Тарасов (к), Байжанов, Скорых
Резерв: Ткачук, Багинский, Нұрыбеков, Ермеков, Өміртаев, Путинцев
«Тараз»: Григоренко, Мера, Данилюк (Сүлей 71), Мане, Яковлев (Алиев 82), Эргашев, Пищур, Воротников, Таубай, Тәжімбетов (к), Киров (Нұралы 71)
Резерв: Короткевич, Григорьев, Әмірханов, Д.Евстигнеев, В.Евстигнеев
Төрешілер: Гороховодацкий (Алматы), Журавлев, Тасыбаев (екеуі де – Павлодар)
Қарағанды. «Шахтер» стадионы. 2 000 көрермен.
«Тараз» бен «Шахтер» текетіресінің бірінші кезеңдегі есебі – 1:1. Алдымен Тараздың жерінде қарағандылықтар 2:1 есебімен басым түссе, «кеншілер» елінде өткен матчта керісінше «Тараз» үш ұпайды иемденген. Бұл жолғы ойын тең дәрежеде өтті. Бірақ бәрін голландиялық легионер Деслей Уббинктің 66-минутта соққан жалғыз голы шешіп кетті. Оң қапталдан асырған Мақсат Байжановтың пасына бірінші болып жеткен Уббинк Александр Григоренко қорғаған қақпадан саңылау тауып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 1:0. Айтпақшы, Деслей кезінде Қазақстандағы футбол карьерасын «Таразда» бастаған. Ол Арно Пайперстің кезі болатын. Ал «Шахтер» Алексей Еременко келгелі өз ойынын таба бастағандай. Өткен жолы «Астананы» тоқтатқаны әлі есімізде.
Матч тағдырын пенальти шешті
«Ақжайық» (Орал) – «Жетісу» (Талдықорған) 1:0 (0:0)
Голдар: Лечич, 60-пен.
Ескертулер: Говедарица 21, Сергиенко 80 – Әмірсейітов 59, Касьянов 63, Бегларян 80, Жаңғылышбай 80
«Ақжайық»: Төлебаев, Говедарица, Ортиз, Дудченко (Розыбакиев 86), Лечич (Рубио 78), Одибе, Әбдрахманов, Валиуллин (Тотай 73), Омаров, Сапанов (к), Сергиенко
Резерв: Багаутдинов, Колуния, Антипов, Мальцев, Шевцов, Шахметов
«Жетісу»: Шабанов, Джалович (к), Клайн, Вага, Касьянов, Бегларян, Әмірсейітов, Шабаев, Боровский (Жаңғылышбай 60), Калинин, Шайыхов (Мыңбаев 78)
Резерв: Дүйсенбекұлы, Әділханов, Балғабаев, Барзукаев, Хасанов
Төрешілер: Алешин (Павлодар), Құсайынов (Астана), Ысқақов (Қостанай)
Орал. П.Атоян стадионы. 2 500 көрермен
Қазақстан жастар құрамасына қосып, «Ақжайықты» да өз қолына алған Вахид Масудов оралдықтарға көптен күткен жеңісті сыйлады. Қатарынан жеті ойында жеңілістің кермек дәмін татып, соңғы рет 11 маусымда «Таразды» тізе бүктірген «Ақжайық» ақыры үш ұпайына қол жеткізді. Өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубын қабылдаған оралдықтар 60-минутта Мирослав Лечич соққан пенальтидің арқасында жеңіске жетті. Оң қапталдан асырылған пасқа алаң иелерінің жас шабуылшысы Руслан Валиуллин мен «жетісулық» қорғаушы Ілияс Әмірсейітов қатар ұмтылған. Алғашқысы омақаса құлады. Бас төреші павлодарлық Игорь Алешин болатын. Саусағын шошайта нүктеге қарай жүгірді. Ал 90-минутта талдықорғандық Тоқтар Жаңғылышбайды алаңнан қуды. Енді «Ақжайық» келесі турын түзде өткізіп, соңғы кездері қарқын алған қарағандылықтармен кездеседі.
Голдардың орнына қызыл қағаздар
«Тобыл» (Қостанай) – «Атырау» 0:0
Ескертулер: Досмағамбетов 56, Кассай 61 — Эссаме 90+3
Қызыл қағаз: Дмитренко 85 — Шарпар 85
«Тобыл»: Петухов, Жулпа, Кассай, Савич, Яворский, Джалилов, Дмитренко, Досмағамбетов (Асильдаров 64), Жұмасқалиев (к) (Хижниченко 79), Мирошниченко, Гурман
Резерв: Логиновский, Деак, Главина, Аслан, Цой, Мухутдинов, Елмырзаев
«Атырау»: Нәрзіқұлов, Ламанж, Эссаме (к), Аржанов (Федин 90+4), Шарпар, Куртеян (Маров 90+2), Мулдаров, Чуреев, Эсатов, Шабалин (Макась 77), Коробкин
Резерв: Нурмухаметов, Сапаров, Жагоров
Төрешілер: Дузмамбетов (Өскемен), Васютин (Алматы), Әубакіров (Астана)
Қостанай. Орталық стадион. 3 000 көрермен.
Қостанайдың Орталық стадионында «Тобыл» мен «Атырау» кездескен. Екеуі де үздік алтылықтан орын алудан үмітті болатын. Бірақ екеуін де «Ақтөбе» тақырға отырғызып кетті. Қандай жолмен екеніне дәл қазір тоқталмай-ақ қояйық. Онсыз да бәріне белгілі жағдай. Ал Қостанайда 90 минут бойы екі команда да бір-бірін ала алған жоқ. Бұрынғыдай стимул жетіспегендіктен де шығар, бәлкім. Шабуылға алаң иелері де, қонақтар да асықпады. Ақыры гол соғып көзге түспеген соң командалар қызыл қағаздармен есте қалуды ұйғарды. Матчтың 85-минуты болатын. «Атырау» қақпасына айып соққысы белгіленген. Бірақ қорғанға тұрған қорғаушылардың бірімен келіспей қалған «тобылдық» Виктор Дмитренко мен «атыраулық» Вячеслав Шарпар ерегісе кетті. Өскемендік бас төреші Руслан Дузмамбетов екеуін де алаңнан қуды.