Вернуться к списку статей

Ертең премьер-лига додасының екінші кезеңі басталады

Футбол
1K
Ел біріншілігінің екінші кезеңін
Ертең Қазақстан премьер-лигасында екінші кезеңнің бірінші айналымы басталады. ХХІІІ турдың ойындары аптаның соңындағы үш күнге бөлінген.

Жүлделі орындарды сарапқа салатындар

Әуелі, яғни жұма күні «Астана» «Ертісті» қабылдайды. Бір қызығы, бұл ойын сағат 16:00-де басталады. Ойынның жанкүйерлердің жұмыс уақыты аяқталмай, тым ерте басталу себебін елорда клубынының баспасөз қызметі ресми сайттарында түсіндіріп жазды.

Дәл қазір «Астана-Арена» стадионының жарықтандыру жабдықтары ауыстырылып жатқан көрінеді. Себебі, былтыр Чемпиондар лигасының топтық кезеңі кезінде УЕФА ескерту жасапты. Сәулетті стадионның жарықтандыру жүйелері талапқа сай болмаса керек. Енді соның бәрін түзеп, халықаралық стандартқа сәйкестендіру қажет.

Сенбі күні «Оқжетпес» Алматының «Қайратын», «Ақтөбе» Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды. Бұл үш ойында додаға түсетіндер – алғашқы алтылықтағылар.

Ел чемпионатының бірінші кезеңінде жоғарыдағы үш жұп арасындағы матчтар төмендегідей нәтижелермен аяқталған болатын:  

«Ертіс» – «Астана» – 2:2 (І айналым), «Астана» – «Ертіс» – 1:1 (ІІ)

«Оқжетпес» – «Қайрат» – 1:1 (І), «Қайрат» – «Оқжетпес» – 6:0 (ІІ)

«Ақтөбе» – «Ордабасы» – 0:0  (ІІ), «Ордабасы» – «Ақтөбе» – 3:1 (І)


7-12 орындар немесе екінші алтылық

Екінші алтылықтағы командалар жексенбі күні додаға түседі. «Шахтер» мен «Тараз» Қарағандыда, «Ақжайық» пен «Жетісу» Оралда кездеседі. Бұл командалар арасындағы матчтар тартысты өтуі керек. Себебі осы төртеуі 8-9 орындарға таласуы керек.

Ал алғашқы алтылыққа іліге алмай қалған «Тобыл» мен «Атырау» ел біріншілігінің екінші кезеңін Қостанайда бастайды. «Ақтөбеден» асып түсе алмаған азулы екі команда енді аутсайдерлер арасында теңбіл доп көрігін қыздарады.

Енді осы үш жұп арасындағы бірінші кезеңдегі матчтарға көңіл бөлейік:

«Шахтер» – «Тараз» – 0:1 (ІІ), «Тараз» – «Шахтер» – 1:2 (І)

«Ақжайық» – «Жетісу» – 1:2 (І), «Жетісу» – «Ақжайық» – 2:0 (ІІ)  

«Тобыл» – «Атырау» – 1:2 (ІІ), «Атырау» – «Тобыл» – 0:0 (І)



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика