Вернуться к списку статей

Жасөспірімдер құрамасы жеңіп, Крузейродағы түлектер тең түсті

Футбол
1K
Жасөспірімдер арасындағы «Қазақстан Президенті кубогы» халықаралық турнирі. Фото: kff.kz
Кеше Шымкентте жасөспірімдер арасындағы «Қазақстан Президенті кубогы» халықаралық турнирі басталып, төрт ойын өтті.

2000 жылы туған жас футболшылар арасындағы дәстүрлі дода кеше басталып, алғашқы ойындары өтті. Бір топтағы ойындар тең дәрежеде өтіп, екіншісіндегі екі матч та ірі есеппен аяқталды.

«А» тобында әуелі Албания құрамасы мен Бразилиядағы «Крузейро» мектебінде оқып жүрген өрендеріміз кездесті. Бұл кездесу аса тартысты өтіп, екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері көп болса да, есеп ашылған жоқ. Екінші таймда қос команданың бапкерлері ойыншыларын алмастырып, дода көрігі қыза түсті. Әйтсе де, екеуі де гол соға алмай қойды.

Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қырғызстаннан келген құрдастарын бір доп айырмасымен ғана ұтты. Жеткіншектеріміздің аға жаттықтырушысы Александр Кузнецовтің айтуынша, бірінші ойында бозбалаларымыз толғаныстарын біразға дейін тарқата алмай, өз мүмкіндіктерін толық паш ете алмаған. Алайда әрбір матч сайын қарқындарын үдетіп, нәтижелі ойын өрнегін көрсететіндеріне сенім білдірген.

Ал екінші топта Иран жеткіншектері Әзірбайжан бозбалаларын ойсырата ұтса, Тәжікстан талантары Ресейдің екінші құрамасын тас-талқан қылды.      

«В» тобы:

Иран – Әзірбайжан – 3:0    

Тәжікстан – Ресей-2 – 6:0

«А» тобы:

Албания – Крузейро-Қазақстан – 0:0

Қазақстан – Қырғызстан – 2:1

Голдар: Қашкен, 4-пенальтиден. Жақыпбаев, 31 – Борубаев, 35.

Қазақстан: Устименко, Әйтім, Ілиясов, Совет, Сағнаев, Жақыпбаев, Красноперов, Кеңесов, Қашкен, Сейдахмет, Махан, Усачев.

Бүгінгі ойындар:

10:00     Тәжікстан – Әзірбайжан                            («Намыс» стадионы)

10:00     Албания – Қырғызстан                              (№7 алаң)     

17:30     Ресей-2 – Иран                                           (№7 алаң)

17:30     Қазақстан – Крузейро-Қазақстан             («Намыс» стадионы) 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика