Вернуться к списку статей

“Ақтөбеде” ауыс-түйіс әлі тәмамдалар емес...

Футбол
1K
«Ақтөбе» үш ойыншысын Кәсіпқой футбол лигасындағы тізімінен шығарып, олардың орнына жаңа екі футболшы тіркеді.

Ресей мамандары, атап айтқанда, бас директор Дмитрий Василеьев пен бас бапкер Юрий Уткульбаев жетекшілік ететін «Ақтөбе» командасы Самат Смақов, Дмитрий Голубов және Лассина Дао үшеуін команда тізімінен шығарып тастады...

Бір қызығы, соңғы екеуі команда сапына жазғы трансфер кезеңінде ғана келген болатын. Мәселен, Дмитрий Голубов маусым айының 20-сынан кейін келіп, ақтөбеліктердің құрамын толықтырған еді. Алайда бір жарым айға жетпес уақыттан соң кері қайтарылып отыр...

Әйтсе де, "Ақтөбе" футбол командасы Смақов, Голубов, Дао үшеуіне аз да болса, сіңірген еңбектері үшін алғыс айтып, олардың орындарына басқа футболшыларды алып отыр. Атап айтқанда, бұл команданың намысын Неманья Николич пен Бобир Давлатов қорғайтын болады...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика