Вернуться к списку статей

Қазақстан премьер-лигасындағы Ресей бапкерлерінің саны артты...

Футбол
1K
«Шахтер» футбол клубы» акционерлік қоғамы өзінің ресми сайтында бас бапкерлік тізгінін Ресей маманы Алексей Еременкоға ұстатқандығын жариялады.

Қарағанды командасы кеше ғана Словакия маманы Йозеф Вукушичті бас бапкерлік орнынан босатқандығын ресми түрде мәлімдеген болатын. Ал бүгін арнайы баспасөз жиынын өткізіп, бұл қызметке 52 жастағы Ресей маманы Алексей Еременконың бекітілгендігін жариялады. Ол «Шахтерді» маусым соңына дейін жаттықтыратын болыпты.

А.Еременко Ростовтың СКА, Мәскеудің «Спартак», «Торпедо» және «Динамо» командаларының сапында ойнаған. 1990 жылдары Финляндияға кетіп, осы елдегі Яро және ХИК, сондай-ақ «Тромсё» (Норвегия) клубтарының сапында өнер көрсетті. КСРО-ның (1987 ж.) және Финляндияның екі дүркін чемпионы.

Ғаламтордағы деректеге сенсек, 45 жасқа толғанша, яғни 2009 жылға дейін футбол ойнаған. Алайда 2006 жылдан бері жаттықтырушылық қызметке кіріскен. Әуелі Финляндиядағы ЯБК командасын жаттықтырған. 2009 жылдан бастап, осы елдегі Яро командасының тізгінін ұстаған.

Екі ұлы, атап айтқанда, Алексей мен Роман – Финляндияның танымал футболшылары. Әрі осы елдің ұлттық құрамасының – ойыншылары. Үлкені Алексей 2013 жылы Алматының «Қайратында» ойнаған. Ортаншы ұлы Роман Ресейдің ЦСКА-сында доп теуіп жүр. Ал кенжесі Сергей өзінің қол астында, яғни Яро клубында ойнады.

Еременко дәл қазір Қазақстан премьер-лигасындағы Ресейдің – төртінші маманы. Маусым басында 12 команданың тең жартысында Қазақстан жаттықтырушылары бас бапкер болған. Қазір олардың саны – үшеу-ақ.    

Қазақстан премьер-лигасындағы бас бапкерлер тізімі:



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика