Ел чемпионатының премьер-лигасында екінші айналымның ойындары аяқталды. Бірақ түгелдей емес. Елорда клубы Чемпиондар лигасының үшінші електік додасындағы кездесулерін өткізіп жатқандықтан, ХХІІ-турдағы «Шахтер» – «Астана» ойыны 7 тамызға шегерілді.
Әзірше, ел чемпионатында ең көп гол соққан команда – «Қайрат» (50 гол);
Ең аз гол соққан команда – «Шахтер» (8 гол);
Өз қақпасына ең көп доп жіберген команда – «Ақжайық» (44 доп);
Өз қақпасына ең аз доп жіберген команда – «Астана» (12 доп);
Екі айналымда пенальтиден соғылған голдар саны – 28 доп;
Пенальтиден ең көп гол соққан команда – «Ақтөбе» (6 доп);
Пенальтиден әлі гол соқпаған командалар – «Астана», «Атырау», «Тараз», «Шахтер»;
Баспен ең көп гол соққан команда – «Ертіс» (12 доп);
Баспен ең аз гол соққан команда – «Ақтөбе» (0 доп);
Айып соққысынан ең көп гол соққан командалар – «Ертіс» және «Оқжетпес» (3 доптан);
Айып соққысынан ең аз гол соққан командалар – «Астана», «Тараз», «Шахтер» (0 доптан);
Сол аяқпен әлі гол соқпаған команда – «Ақжайық» (0 доп);
Сол аяқпен ең көп гол соққан команда – «Қайрат» (13 гол);
Оң аяқпен ең аз гол соққан команда – «Шахтер» (2 доп);
Оң аяқпен ең көп гол соққан команда – «Қайрат» (23 гол);
Ойыншысы алаңнан көп аластатылған команда – «Ақжайық» (4 футболшы);
Ойыншысы алаңнан әлі аластатылмаған команда – «Тобыл» (0 футболшы);
Ойыншысы ең көп ескерту алған команда – «Тараз» (57 рет);
Ойыншысы ең аз ескерту алған команда – «Қайрат» (34 рет).