Вернуться к списку статей

“Су добында” тең түсіп, алғашқы алтылыққа ілікті

Футбол
1K
Ақтөбедегі ойын осындай алаңда өтті. Фото: vk.com/fcaktobe
Бүгін Қазақстан премьер-лигасында ХХІІ-турдың бес ойыны өтіп, екінші айналым һәм ел чемпионатының бірінші бөлігі аяқталды.

ХХІІ-турдың бір ойыны кейінге шегерілді. «Астана» Чемпиондар лигасының үшінші електік кезеңіне өтіп, «Селтикпен» өтетін ойындарына егжей-тегжей дайындалу үшін Қарағанды командасына екеуара матчты кейінге шегеру жайлы өтініш жасаған. «Шахтер» бұған келісіп, бұл ойын 7 тамызға қалдырылды.

Қалған ойындар өтті. Негізі, бұл турдағы «Оқжетпес» пен «Ертіс» арасындағы ойын өте маңызды еді. Себебі осы матчта жеңіске жеткені үшінші орынға орналасатын еді. Кім біледі, бәлкім, қола медаль жолындағы тартысты бәсекенің басы осы матч болар...

Алайда, «Оқжетпес» өз алаңында жеңіске жетіп, үшінші орынды “тартып” ала алмады. Тіпті ұтылып та қалды. Ал «Ертіс» түзде ел біріншілігінің екінші жартысында басты бәсекелесінің бірі болатын команданы жеңіп, үшінші орынға жайғасты.

Жалпы, бұл турдағы негізгі бәсеке алтыншы орын үшін өтуі керек еді. Бірақ екінші айналымды өте сәтсіз бастап, жеті турда екі-ақ ұпай еншілеген «Ақтөбе» соңғы турларда іске кірісті. Соңғы төрт турда сегіз ұпай еншілеп, 6-орынға ие болды. Былайша айтқанда, екінші айналымда асықпай “аяңдап” жүріп, алғашқы алтылыққа ілікті.

Ал «Тобыл» мен «Атырау» бұл турда жеңіске жетсе де, «Ақтөбеден» аса алмады. Себебі әу баста бәрін де бақайшағына дейін шағып, безбендеп алған Дмитрий Васильевтің ұжымы қай командамен қалай ойнау керек екендігін білді. Осы үшеуінің арасындағы матчтарда екі бәсекелесін “шаң” қаптырып кетті.

Сөйтіп, «Ақтөбе» ХХІІ-турда толарсақтан су кешіп, «Ордабасымен» тең түсті. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, бұл ойын жасыл алаңда көлкіген “шалшық” су үстінде өтті. «Ордабасы» командасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов «мұндай алаңда су добын ойнауға болатын еді» депті...

Ал «Тобыл» Оралда «Ақжайықты» жүндей түтсе де, үздік алтылықтан тыс қалды. «Атырау» да «Жетісуды» жеңгенімен, жетінші орынмен шектелді.

«Қайрат» бірінші турда есесі кеткен «Таразды» жеңіп, сазайын берді. Еуропа лигасында «Маккабидің» қақпасына соға алмаған голдарын қайтадан Қазақстан чемпионатында соға бастады...

«Оқжетпес» – «Ертіс»  0:2

Голдар: Мұртазаев, 27. Гетериев, 67.

Мұртазаев 77-минутта пенальти соға алмады.

Бөлешев 89-минутта алаңнан аластатылды (екінші ескерту)

«Оқжетпес»: Бабаханов, Чичулин, Чертов, Чижов, Куксин (Каналес, 72), Еоне, Волков, Юрин (Жұмаханов 84), Хайруллин, Молдақараев (Ристович, 82), Бөлешев.

«Ертіс»: Лория, Дәуітов (Алиев, 53), Фрейдгеймас, Керла, Сартаков, Йирсак, Фонсека, Фернандес (Фаль, 46), Григалашвили, Гетериев, Муртазаев (Ли, 90).

«Ақтөбе» – «Ордабасы» – 0:0

"Ақтөбе": Отарбаев, Қайыров, Куаджа (Азовский, 49), Сорокин, Ситдиков, Митошевич, Крюков, Шестаков, Дао (Абдукаримов 90), Бочаров (Цвейба 46), Щеткин.

«Ордабасы»: Бекбаев, Адырбеков, Абдулин, Мұхтаров, Қожабаев, Диакате, Чатто, Симчевич, Әшірбеков (Төлебек, 60), Гейнрих (Бейсенов, 76), Гогуа (Марцваладзе, 64).

«Ақжайық» – «Тобыл» – 0:5

Голдар: Савич, 50. Савич, 56. Жулпа, 75. Жұмасқалиев, 84. Хижниченко, 90.

«Ақжайық»: Остоич, Сергиенко, Николич, Говедарица, Розыбакиев, Әбдірахманов (Омаров, 83), Валиуллин (Шевцов, 57), Сапанов, Ортиз, Дудченко (Антипов, 68), Лечич.

«Тобыл»: Петухов, Гурман, Яворский, Главина, Дмитренко, Жулпа, Кассай, Шимкович (Деак, 83), Досмағамбетов, Жұмасқалиев (Асильдаров, 87), Савич (Хижниченко, 76).

«Атырау» – «Жетісу» 1:0

Гол: Трытко, 79.

«Атырау»: Нарзикулов, Эсатов, Ламанж, Клайн, Мулдаров, Вага (Сагындыков 83), Коробкин, Эссаме, Кузьмин (Чуреев 76), Шабалин (Федин, 66), Аржанов, Шарпар, Макась (Трытко, 73).

«Жетісу»: Шабанов, Әділханов, Кадио, Шайыхов, Касьянов, Боровский, Калинин (Жаңғылышбай, 45), Джалович, Джерманович (Бегларян, 63).

«Қайрат» – «Тараз» – 3:1

Голы: Исламхан, 10 (1:0). Тәжімбетов, 19 (1:1). Аршавин, 41 (2:1). Гоу, 90+3 (3:1).

Исламхан 10-минутта пенальти соға алмады.

«Қайрат»: Плотников, Ампоста, Маркович, Лунин, Сүйімбаев, Тимощук, Бакаев, Исаэль (Қуат, 60), Аршавин, Исламхан (Тұрысбек, 88), Тавамба (Гоу, 68).

«Тараз»: Григоренко, Киров (Нұралы, 46), Мера, Воротников, Григорьев (Таубай, 51), Данилюк, Яковлев, Эргашев, Сүлей, Тәжімбетов, Мане (Алиев 76). 



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика