Вернуться к списку статей

Жазғы трансфер тәмамдалды – Постников пен Тесакқа орын табылмады

Футбол
2K
Постников пен Тесак елдеріне қайтты...
Футболдан Қазақстан чемпионатында жазғы трансфер кезеңі тәмамдалды. Кейбір командалар құрамын әжептәуір күшейтіп алса, базбіреулері ойыншыларының сапын өзге ұжымдарға “керек болмай” қалған футболшылармен толықтырып отырды.

Жалпы, Қазақстан премьер-лигасындағы жазғы трансфер кезеңінің соңғы күні ауыс-түйіс көп болды. Тіпті көпшілік күтпеген трансферлер де тіркелді.

Мысалы, «Қайрат» словак Лукаш Тесакты үйіне қайтарып, оның орнына Испания қорғаушысы Сесар Арсо Ампостаны алды. Ол – азуы алты қарыс «Вильяреал» клубының түлегі.

«Ақтөбе» Кот-д'Ивуар, Ресей және «Астана» шабуылшыларын алған соң бұл командаға керек болмай қалған Тоқтар Жаңғылышбай «Жетісуға» барды. Талдықорған командасы сонымен қатар Душан Савичтің орнына Словения шабуылшысы Деян Джермановичті алды.

Қызықтың көкесі «Ертіс» командасында болды. Павлодар клубына қаржылай «fair play» қағидасы бойынша жаңа ойыншылар тіркеуге тыйым салыныпты. Содан бұл команда осыдан бірер күн бұрын еліне қайтарып жіберген Сенегал шабуылшысы Байе Джибби Фальды шұғыл түрде қайта шақырып алды. Енді Норвегиядан келуі тиіс болған Гана шабуылшысы Кваме Ампонса Карикари «Ертістің» жейдесін кимейтін шығар.

«Таразға» қажет болмай қалған Марат Шахметов пен маусым басынан бері клубсыз жүрген Қайрат Нұрдәулетов енді «Ақжайықтың» премьер-лигадағы орнына сақтап қалуына көмектесетін болады.

Жамбыл Көкеев «Таразға» барып еді, бірақ еңбек келісіміне қол қойғаны жайлы ақпарат жоқ. Бауыржан Байтана да «Ордабасы» командасының құрамына тіркелмеді. Бауыржан Жолшиев жазғы трансфер кезеңінде де ешбір командамен тіл табыса алмағандай...

Енді жазғы трансфер кезеңіндегі ауыс-түйістермен таныс болыңыздар. Тағы да өзгерістер болса, хабарлап отырамыз:


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика