Вернуться к списку статей

Марко Абай Трабукки – Топ-клубтардың негізгі құрамына ілікпей жүргендерге қызықпаймыз

Футбол
1K
«Астана» футбол клубына Бас менеджер болып бекітілген Марко Абай Трабукки Қазақстан тарапынан шақырту түскенде, көп ойланбағандығын мәлімдеді.

Бүгін «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының Атқарушы директоры Аманбек Күлшіков Марко Абай Трабуккидің елорда аяқдопшылары командасына Бас менеджер болып ресми түрде мәлімдегенін жаздық.

Баспасөз жиынында Марко Абай Трабуккиге «команда құрамын әлі де күшейтесіздер ме» деген сұрақ қойылғанда, ол бірінші кезекте мультиклуб басшыларына сенім артып отырғандары үшін алғыс білдірді және «Барыс» клубының Бас менеджері Александр Корешковты танитындығын тілге тиек етті.


Марко Абай Трабукки

Президентік кәсіби спорт клубына сенім артып отырғандары үшін алғыс білдіргім келеді. Мен мұндай ұсынысты қуана қабыл алдым. Өйткені соңғы екі-үш жылда жұмысымды ауыстырғым келіп жүрген. 15 жыл футбол агенті болып еңбек еттім. Бірақ өзім іздеген жоқпын. Бірақ ұсыныс түскенде, көп ойланған жоқпын. Тек әйелімді көндіру аса оңай болған жоқ (жымиып), ол да Қазақстанға менімен келеді. Өзара қарым-қатынаста жұмыс жасап жүрген клубтардың бәріне 1 шілдеден бастап басқа қызметке ауысатынымды ескерттім. Астанада отырып, бұрынғы қызметімді жалғастыру қиын.  

Ал қойылған сұраққа келсек, «Астана» клубы УЕФА-ның қаржылай «Fair Play» ережесі бойынша алдағы жарты жылда жаңа ойыншылар сатып ала алмайды. Құқы жоқ. Сондықтан есімі көпшілікке танымал футболшылардың команда сапына алынуы әзірше екіталай. Десек те, бос агенттер бар, сондайлармен команда құрамын нығайтуға болады. Негізі, «Астана» онсыз да осал емес. Әрі топ-клубтардың негізгі құрамына ілікпей жүрген футболшыларға қызықпаймыз, – деді жаңа Бас менеджер.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика