Вернуться к списку статей

Жағажай футболынан Еуролигада бақ сынаймыз

Футбол
2K
Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz
Шілденің басында жағажай футболынан Еуролига додасының електік сындары өтеді. Мәскеудегі сынақта Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.

Негізі, жағажай футболынан Еуролига додасы екі дивизионда өтеді. «А» дивизионындағы құрамалар жеңімпаз атануға талпынады. Ал «В» дивизионындағылар келесі жылы әлемнің ең үздік құрамалары арасындағы топта бақ сынау құқығын сарапқа салады.

Еуролига додалары жаз бойы бірнеше кезеңге бөлініп өткізіледі. Ең соңында «А» дивизионының сайдың тасындай іріктелген командалары, яғни көшбасшылары мен кезең жеңімпаздары Суперфиналда бас бәйгеге таласады.

Ал «В» дивизионындағылардың үздіктері (екі құрама), сондай-ақ «А» дивизионында соңғы орындарға табан тіреген құрамалар Промофиналда жалғыз жолдаманы сарапқа салатын болады. Биыл Суперфинал да, Промофиналда 24-28 тамыз күндері Катанияда (Италия) өтетін болады.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы биыл «В» дивизионында бақ сынайды. Қарсыластары – Молдова, Сербия және Эстония құрамалары. Бірінші кезең 1-3 шілде күндері Мәскеуде өтеді.

Осы ретте айта кетейік, жағажай футболынан Қазақстан құрамасы 27 маусым күні Мәскеуге ұшып кеткен. Ел намысын мына 15 футболшы қорғайды:

қақпашылар – Рауан Атантаев («Ұшқын-Искра»), Виктор Чёрный («Арман»)

қорғаушылар – Сергей Квятковский («Арман»), Владислав Чернышов («Арман»), Станислав Макагон («Арман»), Игорь Скударнов («СДЮШОР №7»), Станислав Васильев («Ұшқын-Искра»), Виктор Радионов («Ұшқын-Искра»).

шабуылшылар – Абылай Ералы («Ұшқын-Искра»), Мұрат Құдайберген («Ұшқын-Искра»), Виталий Тюлпа («Арман»), Дмитрий Перевёртов («Арман»).

Бас бапкер – Ерлан Жамантаев,

Жаттықтырушы – Болат Аленов,

Дәрігер – Дархан Смайылов.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика