"Ұлы-Жібек" елінің Далянь қаласында өткен Қытай және Қазақстан жолдастық кездесуінде жарақат алып қалған Ұлан Қонысбаев қазақстандықтарға ыстық ықыласын жолдады. Instagram-дағы жеке парақшасына ауруханада отырған суретін салып, былай деп жазды:
– Құрметті Қазақстандықтар! Маған қолдау көрсетіп жатқандарыңызға алғысым шексіз. Тілек-ниеттеріңізге мың алғыс! Қытайдың Далянь қаласында ауруxанада жатырмын. Жағдайым жақсарып келеді. Құдайға шүкір.
Ұланның осы сөздерінің астына пікір жазушылар өте көп. Олардың бәрі де Қазақстан құрамасының ойыншысына жүрекжарды ниеттерін білдіріп, тезірек айығып кетуіне тілектес екендіктерін білдіруде.