Вернуться к списку статей

Қазақстан кубогын ең көп жеңіп алған команда – “Қайрат”

Футбол
2K
Фото fca.kz сайтынан
Ертең футболдан ХХV Қазақстан кубогының 1/8 финалдық ойындары өтеді. Премьер-лига клубтары аталған додаға осы кезеңде қосылғалы отыр.

Қазақстан кубогы – 2016

Бұған дейін жазғанымыздай, биыл ел кубогының алғашқы кезеңі жылдағыдан өзгеше өтті. Әуелі бірінші лигадағы тоғыз команда үш топқа тең бөлініп, Шымкентте додаға түсті. Осы ретте айта кетейік, бірінші лигада ойнайтын 10 команданың ішінде биылғы ел кубогына «Бәйтерек» қана қатысқан жоқ.

Бекітілген ереже бойынша, әр топта бірінші орын алған үш ұжым, сондай-ақ екінші орын алған командалардың ішіндегі техникалық көрсеткіші тәуірі ел кубогының 1/8 финалына шықты. Нақтырақ айтқанда, «Қызылжар», «Алтай» және «Қайсар» өз топтарында бірінші орынға ие болса, «Каспий» екінші орын алған командалардың ішіндегі үздік шықты.

Осы төрт командаға премьер-лигадағы 12 клуб қосылып, сәуірдің бірінші жұлдызында ҚР Кәсіпқой футбол лигасы кеңсесінде ел кубогының 1/8 финалдық сатысындағы жеребесі тартылды:

«Оқжетпес» – «Тараз»

«Қайрат» – «Шахтер»

«Атырау» – «Алтай»

«Ақжайық» – «Ертіс»

«Тобыл» – «Қызыл-Жар СК»

«Астана» – «Каспий»

«Ордабасы» – «Қайсар»

«Ақтөбе» – «Жетісу»

Осы ретте айта кетуге тиіспіз, 1/8 финалдық кезеңіндегі ойындар ертең, әр жұпта бірінші жазылған команданың алаңында өтеді. Әрі ширек финал жолдамалары бір-ақ ойында сарапқа салынады. Яғни қарымта матч өткізілмейді. Бәрі де ертеңгі кездесулерде шешіледі.

Ел кубогы додасының жеңімпаздары

Ал біз сіздердің назарларыңызға 1992 жылдан бергі ел кубогының финалдық ойындарының нәтижесін ұсынамыз:

1992 жыл: Қайрат (Алматы) – Фосфор (Жамбыл) – 5:1

1993 жыл: Достық (Алматы) – Тараз (Жамбыл) – 4:2

1994 жыл: Восток (Өскемен) – Актюбинец (Ақтөбе) – 1:0

1995 жыл: Елімай (Семей) – СКИФ-Ордабасы (Шымкент) – 1:0

1996/1997 жж: Қайрат (Алматы) – Восток-Әділ (Өскемен) – 2:0

1997/1998 жж: Ертіс (Павлодар) – Қайсар-Hurricane (Қызылорда) – 2:1 (қосымша уақытта)

1998/1999 жж: Қайсар-Hurricane (Қызылорда) – Восток-Алтын (Өскемен) – 1:1 (пенальтиден – 2:0)

1999/2000 жж: Қайрат (Алматы) – Аксесс-Голден-Грейн (Петропавл) – 5:0

2000/2001 жж: Жеңіс (Астана) – Ертіс (Павлодар) – 1:1 (пенальтиден – 5:4)

2001 жыл: Қайрат (Алматы) – Жеңіс (Астана) – 3:1

2002 жыл: Жеңіс (Астана) – Ертіс (Павлодар) – 1:0

2003 жыл: Қайрат (Алматы) – Тобыл (Қостанай) – 3:1

2004 жыл: Тараз (Тараз) – Қайрат-Алматы ҚТЖ – 1:0

2005 жыл: Жеңіс (Астана) – Қайрат-Алматы ҚТЖ – 2:1 (қосымша уақытта)

2006 жыл: Алма-Ата (Алматы) – Астана (Астана) – 3:1 (қосымша уақытта)

2007 жыл: Тобыл (Қостанай) – Ордабасы (Шымкент) – 3:0

2008 жыл: Ақтөбе (Ақтөбе) – Алма-Ата (Алматы) – 3:1

2009 жыл: Атырау (Атырау) – Шахтёр (Қарағанды) – 1:0

2010 жыл: Локомотив (Астана) – Шахтёр (Қарағанды) – 1:0

2011 жыл: Ордабасы (Шымкент) – Тобыл (Қостанай) – 1:0

2012 жыл: Астана (Астана) – Ертіс (Павлодар) – 2:0

2013 жыл: Шахтёр (Қарағанды) – Тараз (Тараз) – 1:0

2014 жыл: Қайрат (Алматы) – Ақтөбе (Ақтөбе) – 4:1

2015 жыл: Қайрат (Алматы) – Астана (Астана) – 2:1

2016 жыл: ?

Қазақстан кубогының жеңімпаздары:

«Қайрат» – 7 рет

«Жеңіс» («Астана-1964») – 3

«Астана» («Локомотив») – 2

«Ертіс» – 1

«Тараз» – 1

«Восток» – 1

«Тобыл» – 1

«Ақтөбе» – 1

«Шахтер» – 1

«Қайсар» – 1

«Ордабасы» – 1

«Атырау» – 1

«Алма-Ата» – 1

«Достық» – 1

«Спартак» – 1

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика