Вернуться к списку статей

Ақтөбе облысының әкімі футболға билет сатып алды

Футбол
2K
Фото «Ақтөбе» футбол клубының әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев стадионға кіру үшін жергілікті футбол клубының бір жылдық абонементін сатып алған.

Бұл ақпарат «Ақтөбе» футбол клубының әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жарияланып, фоторепортаждары таратылды.

«Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қобыланды батыр атындағы орталық стадионды тексеру мақсатында аталған кешенге бас сұқты. Өңір басшысы 2016 жылғы маусымға абонемент сатып алды», – деп жазылды.

Облыс әкімі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионды «Ақтөбе» – «Ертіс» матч алдында қарап шығып, биылғы маусымға дайындығымен танысқан.





Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика