Вернуться к списку статей

Смақов Лорияның қақпасының "қаймағын" алды

Футбол
1K
Фото pflk.kz сайтынан
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының алтыншы туры шектен тыс қызықты өтті. Екі команда биылғы маусымдағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

Одыр мінез «Ордабасы» «Қайратты» ома қаптырды

Шымкенттегі «Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Алты ойыншы ескерту алды. Екі команданың ойыншылары да аянған жоқ. Касалица пысық екен, «Қайрат» қорғаушысының аяғындағы допты ту сыртынан келіп қақшып әкетті де, ойын тағдырын шешкен жалғыз допты соқты.

«Қайрат» биылғы маусымда үшінші рет жеңілістің кермек дәмін татып, төмен қарай сырғып барады. Ал «Ордабасы» 7000 көрерменнің көз алдында жеңіске жетіп, ел чемпионаты кестесінде бір саты жоғарылады...

«Ордабасы» – «Қайрат» – 1:0

Гол: Касалица, 54.

«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто (Бейсенов, 90+3), Трайкович, Абдулин, Касалица (Трифунович, 70), Адырбеков, Нұрғалиев, Төлебек (Ирисметов, 78), Юнузович, Тұңғышбаев.

«Қайрат»: Плотников, Тесак, Маркович, Рудосельский, Қуантаев, Бакаев, Қуат (Дарабаев, 87), Исаэль (Ли, 77), Тимощук, Аршавин, Тавамба.

«Оқжетпес» «от» алды...

«Оқжетпес» төртінші рет қатарынан жеңіске жетті. Бұл жолы Теміртауда «Шахтерді» тізе бүктірді. Көкше клубы үшінші орынға орнығып алса, кеншілер соңғы орынға табан тіреді. «Шахтер» биылғы маусымда әлі жеңіске жетпеген жалғыз команда.

«Шахтер» – «Оқжетпес» – 0:1

Гол: Чижов, 31.

«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели, Ягуби (Скорых, 68), Горячий (Өміртаев, 78), Ғабышев (Нұрыбеков, 66), Финонченко, Байжанов

«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов (Ристович, 81), Еоне, Волков, Нганбе, Мангуткин, Чичулин, Хайруллин, Молдақараев (Богданов, 85), Қожамберді (Куксин, 59).

«Астана» алтыншы рет алшаң басты...

«Астана» алтыншы турда да жеңіске жетіп, Қазақстан премьер-лигасында жеке дара көш бастады. Бұл жолы «Тобылды» тобықтан қақты. Бір гол соғып алды да, жеңісті есепті уысынан шығармауға ғана көңіл бөлді. Құдды, «қанша гол соқсаң да, берілетіні – үш-ақ ұпай, алаөкпе болымыз қайтеміз» дегендей... «Тобыл» болса, екінші рет қатар ұтылып, төмен сырғып барады

«Астана» – «Тобыл» – 1:0

Гол: Аруна, 32.

«Астана»: Эрич, Постников, Аничич (Бейсебеков, 67), Логвиненко, Шомко, Мұжықов, Каньяс, Твумаси, Максимович, Аруна (Деспотович, 63), Нөсербаев (Тағыберген, 88).

«Тобыл»: Логиновский, Деак, Кассай, Дмитренко, Шимкович, Яворский, Досмағамбетов (Джалилов, 66), Левин (Главина, 46), Мирошниченко, Мухутдинов (Дудченко, 71), Хижниченко.

«Жетісу» жеңіске жетті-ау...

«Жетісу» алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Өз алаңында соңғы турларда ойыны мандымай жүрген «Тараздан» басым түсіп, жанкүйерлерін қуантты. Осы жеңісінің арқасында екі саты жоғары өрледі.

«Жетісу» – «Тараз» – 2:1

Голдар: Савич, 47 (1:0). Симоновски, 58 (2:0). Мане, 65 (2:1).

«Жетісу»: Шабанов, Кадио, Джалович, Клайн, Азовский (Моисов, 69), Рудик (Әмірсейітов, 84), Симоновски (Калинин, 69), Әділханов, Шабаев, Савич, Тұрысбек.

«Тараз»: Григоренко, Мера (Айтбаев, 49), Данилюк, Мане, Воротников, Баялиев, Әмірханов, Шахметов, Недашковский, Қараман (Байтана, 71), Зенькович (Сүлей, 60).

«Атырау» да бірінші рет жеңді

«Атырау» да биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Жайық дербиінде» Орал клубының қақпасына жауапсыз екі ол соқты. Әрі соңғы орыннан бір саты жоғарылады. «Ақжайық» бір жеңіп, бір ұтылып, толқындай тербеліп келеді.

«Атырау» – «Ақжайық» – 2:0

Голдар: Шабалин, 4. Трытко, 19.

«Атырау»: Нарзикулов, Дамчевски, Мулдаров, Коробкин, Ламанж, Шарпар, Трытко (Куртеян, 77), Кузьмин, Шабалин (Балтаев, 85), Қонысбаев (Эсатов, 90), Аржанов.

«Ақжайық»: Қалменов, Говедарица, Колуния, Ортиз, Николич, Валиуллин (Мальцев, 54), Сергиенко, Тапалов (Омаров, 66), Шурыгин, Коробов, Бегалин (Хромцов 74).

«Ертіс» Ақтөбеде сүрінді

Алтыншы турға дейін ұпай жинаудан шашау шығармай келген «Ертіс» Ақтөбеде сүрінді. Қақпасына биылғы маусымдағы алғашқы гол да соғылды. Лорияның қақпасына биылғы маусымдағы алғашқы голды соққан – Самат Смақов. Ал «Ақтөбе» жарап тұр. Құрамы биыл ғана бастан-аяқ жасақталған команда нәтижелі ойын өрнегін көрсете бастады.

«Ақтөбе» – Ертіс» – 1:1

Голдар: Гогуа, 22-пенальтиден. Смақов, 87-пенальтиден (1:1).

«Ақтөбе»: Отарбаев, Куаджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Бочаров, Кайыров (Крюков, 81), Кәкімов (Тілешев, 64), Смақов, Шестаков (Жалмұқан, 48), Жаңғылышбай.

«Ертіс»: Лория, Гогуа (Воменко, 69), Йирсак, Малый, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу (Фалль, 90), Гетериев, Ахметов, Мұртазаев (Алиев, 63).

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика