Вернуться к списку статей

Қазақстан Премьер-лигасы. "Қайратқа" жаңа жаттықтырушы да көмектесе алар емес

Футбол
1K
Фото
Қазақстан Премьер-лигасының 5-туры тосын нәтижелерге толы болды. Алматының «Қайраты» өз алаңында шашылуға шақ жүрген Қарағандының «Шахтерін» жеңе алмаса, «Тараз» өз жерінде чемпионаттың дебютанты «Ақжайықтан» ұтылды. Сол сияқты, биыл құрамын қарымды ойыншылармен толықтырған «Тобыл» өз жанкүйерлерінің алдында «Ақтөбеден» ұтылып, масқара болды. Ал көш басындағы «Ертіс» пен «Астана» алға ұзап барады.

Бас бапкерін алмастырғанымен Алматының «Қайраты» әлі де өз ойынын таба алмай келеді. Рас, мұның алдындағы турда түзде «Атырауды» жеңген. Алайда голды әзер соққан еді. Оның үстіне, қазір «Атырау» былтырғы адуындылығын жоғалтып алған. Сол аутсайдерді жеңіп желпінген «Қайрат» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» ұта алмай, пұшайман болды. Қайта қонақтар өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алған жоқ. Әйтпесе, жеңіс Қарағандыға кетіп те қалуы мүмкін еді. Ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламхан алаңнан қуылып, алматылықтардың жағдайы мүлдем мүшкілденді. Абырой болғанда кездесу тең аяқталып, бір ұпайды қоржындарына салды. Иә, осылайша шашылуға шақ жүрген «Шахтерді» ұта алмаған «Қайрат» келесі турда қайтер екен? Оларды «жаралы» «Ордабасы» күтіп тұр.

«Ордабасының» «жаралы» деуіміздің өз себебі бар. Павлодарға қонаққа барған шымкенттіктер алаң иелерінің қақпасынан еш саңылау таба алмай, өздері екі гол жіберіп алды. Алдымен 63-минутта Роман Муртазаев есеп ашса, араға 10 минут салып Гогита Гогуа есепті еселеді. Ал Давид Лория өзінің «құрғақ серияларын» 500 минутқа жеткізді. «Осы маусымдағы ең мықты ойынымыз осы болды. «Ордабасыны» еш тырп еткізбей жеңдік», - деп масайрады матчтан кейін алаң иелерінің болгар бапкері Димитар Димитров.

Қазір Димитров бастаған «Ертіс» бес кездесуден максималды 15 ұпай еншілеп, елорданың «Астанасымен» бірге турнир кестесінде көш бастап тұр. Тағы бір болгар маманы Станимир Стойлов жаттықтыратын елордалықтар бұл жолы Талдықорғанға қонаққа барған. Ойын олар үшін оңай болған жоқ. «Жетісудың» қорғанысы 77-минутқа дейін сыр бермей, бұрыштама кезінде ғана Юрий Логвиненкодан көз жазып қалды. Ал әйгілі Петр Чехтің өзіне гол соғып жүрген Логвиненкоға «Жетісу» қақпашысы Андрей Шабановқа гол соғу қиын болып па?!

«Ақтөбенің» бас бапкері Юрий Уткульбаевтың біліктілігіне сене бастадық. Бірінші лиганың «Каспийінде» доп тепкен Бағдат Қайыровты қараңызшы. Қазір командасының қорғанысын ұстап тұрғандардың бірі. Ал бұған дейін дубльдік командасында ойнап, былтыр тіпті бір жыл үзіліс алған Асланбек Кәкімов гол соғып та жүр. Осы турда Қостанайда «Тобылдың» қақпасына шешуші голды соққан да Асланбек. Ал былтыр ғана ешкімге белгісіз болған осындай жігіттерді ойнатқан Уткульбаев бапкердің біліктілігіне қалай күмән келтіруге болады?! Рас, әлі лайықты бағасын беруге ерте. Дегенмен, қатарынан екі кездесуде жеңіске жетіп, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді.

«Ақтөбеден» бір саты төмен «Ақжайық» орналасқан. Талғат Байсуфинов шәкірттері 5-турда Таразға қонаққа барып, Нұрмат Мырзабаев командасын 1:0 есебімен тізерлетіп кетті. Ойынның тағдырын Қуаныш Бегалиннің 81-минутта соққан жалғыз голы шешті.

Ал турнир кестесін «Атырау» қорытындылап тұр. Бірінші турда түзде «Жетісуды» ұта алмай, одан кейін қатарынан үш кездесуде жеңілген «мұнайшылар командасы» бас бапкерінің басына бұлт үйрілді. Александр Бородюктен кейін «отставкаға» осы маман кетіп жатса, таңғалмаңыз. Бұл жолы Владимир Никитенко шәкірттерін Астанада Көкшетаудың «Оқжетпесі» ұтып кетті. Бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда Марат Хайруллин айып добын әдемі орындап, көкшеліктерді алға шығарса, екінші таймда Жасұлан Молдақараев есепті 2:0-ге жеткізді. 


Оқжетпес - Атырау (Фото pflk.kz сайтынан)

Премьер-лига

5-тур (13.04.2016 ж)

«Қайрат» (Алматы) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:0
Ескертулер: Исламхан 20 — Ягуби 20
Қызыл қағаз: Исламхан 75.
«Қайрат»: Плотников, Гоу (Тавамба 82), Тимощук, Маркович, Аршавин (Қуат 79), Тесак, Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев, Ли (Исаэль 46), Рудосельский
Резерв: Сидельников, Дарабаев, Дайыров, Райымбек, Вороговский, Лунин
«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели, Ягуби (Скорых 84), Габышев, Пикалкин (Горячий 56), Финонченко (к) (Ермеков 66), Байжанов
Резерв: Ткачук, Нұрыбеков, Өміртаев, Тәттібаев
Төрешілер: Вишниченко (Қостанай), Виноградов (Петропавл), Козлов (Ақтау)
Алматы. Орталық стадион. 14 500 көрермен.  

«Ертіс» (Павлодар) – «Ордабасы» (Шымкент) 2:0 (0:0)
Голдар: Муртазаев, 63. Гогуа, 74-пенальти.
Ескертулер: Фонсека, 78. Фернандес, 87 – Абдулин, 28. Қожабаев, 74. Тұңғышбаев, 80.
«Ертіс»: Лория (к), Гогуа (Воменко 79), Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу, Гетериев (Алиев 90+2), Ахметов, Муртазаев (Фернандес 84), Малый
Резерв: Цирин, Фаль, Сартаков, Есімов, Аяғанов, Попов
«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто, Касалица (Төлебек 81), Симчевич (Ирисметов 17), Юнузович, Абдулин, Мұхтаров, Нұрғалиев (к), Тұңғышбаев, Қожабаев (Адырбеков 79)
Резерв: Бекбаев, Гейнрих, Әшірбеков, Қайқыбасов, Ерланов, Тәжімбетов
Төрешілер: Дузмамбетов (Өскемен), Полуэктов (Тараз), Гусев (Көкшетау)
Павлодар. Орталық стадион. 6 500 көрермен. 

«Жетісу» (Талдықорған) – «Астана» 0:1 (0:0)
Гол: Логвиненко, 77.
Ескертулер: Әділханов 76, Тұрысбек 83, Симоновски 86, Кадио 90+4 — Деспотович 67, Щеткин 88, Мужиков 90+4.
Қызыл қағаз: Щеткин, 89.
«Жетісу»: Шабанов (к), Кадио, Джалович, Клайн, Савич, Рудик (Моисов,76), Демель (Симоновски 22), Әділханов, Шабаев, Тұрысбек, Боровский (Калинин 46)
Резерв: Пасеченко, Сағындыков, Әмірсейітов, Мыңбаев, Балғабаев, Азовский
«Астана»: Эрич, Постников, Аничич, Каньяс, Твумаси (Тағыберген 90), Максимович, Аруна (Деспотович 58), Бейсебеков, Мужиков, Нөсербаев (к) (Щеткин 71), Логвиненко
Резерв: Мокин, Абдурахими, Шомко, Гурман, Шайыхов, Наджарян
Төрешілер: Сахи (Қызылорда), Калачев (Атырау), Қошқаров (Алматы)
Талдықорған. «Жетісу» қосалқы стадионы. 1 700 көрермен.  

«Тобыл» (Қостанай) – «Ақтөбе» 1:2 (1:1)
Голдар: Дудченко, 6 (1:0). Кәкімов, 21 (1:1). Бочаров, 70 (1:2).
Ескертулер: Розыбакиев 36, Дмитренко 58 — Куаджа 42.
«Тобыл»: Логиновский, Дяк, Дудченко, Кассай, Шимкович, Яворский, Дмитренко, Жумасқалиев (к) (Хижниченко 64), Мирошниченко, Мухутдинов (Н’Диайе 78), Розыбакиев (Досмағамбетов 74)
Резерв: Петухов, Аслан, Левин, Кургулин, Эльмурзаев
«Ақтөбе»: Отарбаев, Куаджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Бочаров (Азовский 90+1), Михалев (Жаңғылышбай 52), Қайыров, Кәкімов (Цвейба 79), Смақов (к), Шестаков
Резерв: Павлов, Тамабай, Жалмұқан, Жұмашев, Тотай, Тілешев
Төрешілер: Измайлов (Талдықорған), Айжігітов (Қызылорда), Лабашов (Атырау)
Затобольск кенті. «Затоболец» стадионы. 3 000 көрермен. 

«Тараз» — «Ақжайық» (Орал) 0:1 (0:0)
Гол: Бегалин, 81.
Ескертулер: Әмірханов 58, Данилюк 60, Воротников 71, Байтана 72 — Шурыгин 49, Коробов 53
«Тараз»: Григоренко, Мера, Зенькович, Данилюк (Байтана 62), Мане, Воротников, Әмірханов, Д. Евстигнеев (к), Сулей, Шахметов, Қараман (В. Евстигнеев 75)
Резерв: Докич, Баялиев, Айтбаев, Рымтаев, Қарпық, Нұралы, Әбденәби
«Ақжайық»: Қалменов, Говедарица (к), Колуния, Ортиз, Николич, Хромцов (Сергиенко 46), Валиуллин (Омаров 89), Тапалов, Шурыгин, Коробок, Бегалин (Сапанов 85)
Резерв: Багаутдинов, Антипов, Мальцев, Хаиров, Шевцов, Гридин
Төрешілер: Алешин (Павлодар), Құсайынов (Астана), Филипчук (Шымкент)
Тараз. Орталық стадион. 3 500 көрермен. 

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Атырау» 2:0 (1:0)
Голдар: Хайруллин, 43. Молдақараев, 59.
Ескертулер: Чичулин 25, Чижов 43 — Куртян 18, Шабалин 39, Коробкин 57, Эсатов 90+1
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов, Еоне, Волков, Нганбе (Ристович 78), Мангуткин, Чичулин, Хайруллин (Жұмаханов 86), Бөлешев (к) (Молдақараев 21), Қожамберді.
Резерв: Бабаханов, Алхазов, Куксин, Түлиев, Юрин, Богданов
«Атырау»: Нәрзіқұлов (к), Ламанж, Эссаме, Шарпар (Трытко 57), Макась (Аржанов 22), Куртян, Мулдаров, Эсатов, Кузьмин, Шабалин (Қонысбаев 66), Коробкин
Резерв: Жомартов, Дамчевски, Балтаев, Чуреев, Сапаров
Төрешілер: Алиев (Алматы), Бейжанов (Петропавл), Субботин (Ақтөбе)
Астана. «Астана Арена» стадионы. 1 500 көрермен. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика