Вернуться к списку статей

Жәнібек Әлімханұлы екі тұжырым бойынша әлем чемпионы атағына таласады

Бокс
284

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) 15 қазанда германиялық инченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жек өткізеді. Екі боксшыда әр түрлі тұжырым бойынша әлем чемпионы деген белбеу бар. Соны біріктіріп, сарапқа салмақ.

Жәнібек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Қарсыласы IBF белбеуінің иегері. Бұл жекпе-жекті отандастарымыз Qazsport арнасында тікелей эфирде тамашалай алады. Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында өтеді. Оны Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.

Қазақ боксшысының қарсыласы соңғы рингке 1 шілдеде көтерілген. Сол кезде төрешілер шешімімен бразилиялық Эскива Фалкаоны жеңіп, Генадий Головкин бос қалдырған IBF титулын иеленген. Ол бұған дейін Германиядан тыс басқа елдердің рингтерінде бокстасып көрмеген екен.

«Құдай қаласа, елге екі чемпиондық титулмен қайтамыз! Тағы да тарих жасаймыз», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы желідегі парақшасында.

30 жастағы Әлімханұлы кәсіпқой бокста осыған дейін 14 жекпе-жек өткізген. Соның барлығында жеңіске жетті. 10 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Отандасымыз былтыр 5 мамырда британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберіп, әлем чемпионы атанғаны бар. Содан кейін осы атағын екі рет қорғады. Алдымен британиялық Дензел Бентлиді ұпай санымен жеңісе, екіншісінде канадалық Стивен Батлерді нокаутқа түсірді.

«Жәнібек – Эскива Фалькао секілді әуесқой бокста көп жетістікке жеткен көрнекті боксшы. Әрі Фалькао секілді фаворит. Бірақ Жәнібек Фалькао сияқты жеңіліп қалады, өйткені менде ең жақсы команда және чемпионның рухы бар. Тек осы ғана кім жеңіп, кімнің ұтылатынын шешеді», - деп жазды Винченцо Гуальтьери.

12283

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика