Вернуться к списку статей

Санатәлі Төлтаев: Кәсіпқой бокстағы төрт белбеуді де иеленгім келеді

Бокс
368
Бір аптадан соң Алматыда Irfin Promotions компаниясының ұйымдастыруымен үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді. 21 қыркүйекке жоспарланған шоудың бағдарламасына 8 кездесу енген. Әр жекпе-жекте отандық боксшылар жұдырықтасады. Аталған бокс бәсекесінде Азия біріншілігінің жүлдегері, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы мен жүлдегері Санатәлі Төлтаев та өнер көрсетеді.

Бокс кеші алдында Санатәлі ringkz.com сайтына шағын сұхбат беріп, дайындығы, алдағы жоспары, жекпе-жекке дайындығы туралы айтып берді.

– Алдағы 21 қыркүйектегі бокс кешіне дайындық қалай жүріп жатыр?

– Бокс кешіне дайындық өте қарқынды әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта біз физикалық және техникалық жаттығуларға қатар көңіл бөліп отырмыз. Сонымен қатар қарсыласымыздың стилін мұқият зерттеп, оған сәйкес арнайы тактика мен жоспар құрып қойдық. Дайындық барысында команда мен жаттықтырушылардың кеңесі мен қолдауы үлкен рөл атқарады. Біз барлық дайындық кезеңдерін жоғары деңгейде өткізіп, жекпе-жекке толық дайын болуға тырысамыз.

– Қарсылас туралы не айтасың? Бұрын-соңды естуің бар ма? Қандай артықшылығы немесе кемшілігін білесің?

– Қарсыласым кәсіпқой бокста тәжірибесі бар екенін білемін, бірақ осыған дейін оның аты-жөнімен таныс болмаппын. Ол бүгінге дейін өз мансабында 12 кездесу өткізіп, бірнеше маңызды жеңістерге қол жеткізген және соған сәйкес тәжірибесі мол. Дегенмен, оның кемшіліктерін бапкеріммен талдап, жоспар құрып жатырмыз.
– Irfin Promotions ұсынысын қалай қабылдадың? Irfin туралы не айта аласың?

– Irfin Promotions ұсынысын үлкен қуанышпен қабылдадым. Өйткені дәл сол уақытта маған жекпе-жек өткізу керек болды. Сондай-ақ маусым айында Шымкенттегі бокс кешін жоғары деңгейде ұйымдастырғандықтан, осы кеште өнер көрсетуге өзім де қызығушылық таныттым. Жалпы Irfin Promotions – спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда мол тәжірибе жинап, бокс әлемінде бірте-бірте беделін арттырып келе жатқан компания. Бұл промоушенмен жұмыс істеп, олардың қолдауымен өз мүмкіндіктерімді көрсеткім келеді. Irfin Promotions-тің ұсынысы менің кәсіби бокста өсуіме және бокс мансабымның жаңа кезеңіне шығуға бастау болатынына сенімдімін.

– Алдағы жоспарың қандай?

– Алдағы жоспарым кәсіпқой бокста барлық белбеулерді жеңіп алу. Сол мақсатқа жету үшін барлық күш-жігерімді салып, үздіксіз жұмыс істеп жатырмын. Болашақта әлемдік деңгейдегі боксшылармен кездесіп, спорттағы үздік нәтижелерді көрсеткім келеді.

Яндекс.Метрика