Вернуться к списку статей

Италиядағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар анықталды

Бокс
177

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін Париж Олимпиадасына жолдамлар сарапқа салынатын әлемдік лицензиялық турнирде ел намысын қорғайтын боксшылар анықталды.

Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар тізімі:

51 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Махмұд Сабырхан

63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

71 келі: Асланбек Шымбергенов

80 келі: Нұрбек Оралбай

92 келі: Айбек Оралбай

Бокстан Қазақстан ерлер командасының еншісінде әзірге бір жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Париж лицензиясын қоржынға салған болатын.

Ал әйелдер құрамасынан бұрымды қыздарымыз бес салмақта Олимпиада жолдамасына таласады.

Олар:
50 келі. Алуа Балқыбекова

54 келі. Жайна Шекербекова

60 келі. Римма Волосенко

66 келі. Наталья Богданова

75 келі. Валентина Хальзова

Италияда әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынса, ерлер арасында 28 жолдама үлестріледі.

Италиядағы іріктеу турнирі 29 ақпан пен 12 наурыз аралығында өтеді.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика