Әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы Ресей қыздарымен кездеседі

Футбол
Әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы Ресей қыздарымен кездеседі
Фото: kff.kz
Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы Астанада жиналып, оқу-жаттығу жиыны бастап кетті, – деп хабарлайды ҚФФ сайты.

9 сәуір күні Қазақстан арулары 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Ресей құрамасымен кездеседі. Бұл ойын Астанада, яғни «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы – 16:00-де. Стадионға кіру тегін көрінеді.

Осы матчқа дайындалу үшін Қазақстан қыздары жаттығу жиынын бастап кеткен. Ұлттық құраманың бас бапкері Айтбай Жамантаев бұл кездесуге төмендегі футболшы-аруларымызды шақырған:

қақпашылар Назым Исмаилова, Оксана Железняк, Александра Гребенюк;

қорғаушылар – Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет, Әсем Жақсыбай, Шохиста Ходжашева, Юлия Мясникова, Екатерина Бабшук, Мария Демидова;

жартылай қорғаушылар – Бегайым Қырғызбаева, Карина Жұмабайқызы, Әсел Тұрлыбекова, Әсемгүл Аруова, Назерке Шалмұқанбетова, Адиля Вылданова, Светлана Бортникова;

шабуылшылар – Сәуле Кәрібаева, Арайлым Орынбасарова, Анастасия Власова.

Жаттықтырушылар құрамы: 

Айтбай Жамантаев – бас бапкер
Владимир Ляпкин – бас бапкердің көмекшісі
Абдулла Меркулов – қақпашылардың жаттықтырушысы.


Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Астана АренаҚазақстан құрамасыӘлем чемпионатыАйтбай ЖамантаевӘйелдер құрамасыKazakhstan football teamFIFA World Cup Qualification

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку