Қазақ қызы барған Ресей клубы – Чемпион болсақ... шешінеміз

Футбол
Қазақ қызы барған Ресей клубы – Чемпион болсақ... шешінеміз
"Енисей" клубының қорғаушысы Наташа Морозова. Фото: twitter.com/wfcenisey
Ресейдегі «Енисей» әйелдер клубы өз елдерінің чемпионы болса, күзде эротикалық фотосесия ұйымдастыруды жоспарлап отыр...

Әйелдер арасындағы Ресей чемпионаты кеше басталған. Бекітілген ойындар күнтізбесі бойынша 23 қазан күні мәресіне жетуі керек. Красноярскінің «Енисей» клубы алғашқы ойынын 21 сәуірде Мәскеуде «Локомотив» қыздарымен кездеседі.

Бүгін «Енисей» клубы өзінің Твиттердегі ресми парақшасына «Егер Ресей чемпионатын жеңіп алсақ, онда кубокпен және жүлделерімізбен бүкіл команда болып эротикалық фотосессия өткіземіз» деп жазды. Мұны, әрине, БАҚ өкілдері бірден қағып әкетті, енді жарыса жазып жатыр...


Аида Гайстенова
Алайда, «Енисейдің» чемпион болуы екіталай сияқты. Былтыр сегіз команданың ішінде 7-орынға ие болған. 14 ойыннан жеті ұпай ғана еншілеген. Бірінші орынға ие болған «Звезда-2005» 35 ұпай еншілеген болатын. Бірақ кім біледі, доп домалақ дегендей...

Жақында осы команданың сапына Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аида Гайстенова ауысқан болатын. Ол өткен маусымда «Барыс» (Алматы) командасының намысын қорғаған. 

Жалпы, «Енисей» биыл құрамын аз да болса, өзгертіп, бас бапкерін де ауыстырған. Әрі биыл жүлделі орындарға сына қағуды да теріс көрмейтіндей. Десек те, мұның жай ғана пиар-қадам болуы да әбден мүмкін...

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Аида ГайстеноваҚазақстан құрамасыәйелдер футболыШабуылшыЧемпиондық атақ"Енисей" ЖФКРесей клубыЭротикалық фотосессия

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку