“Кубань көктемінде” Қазақстан қыздары үшінші рет ұтылды

Футбол
“Кубань көктемінде” Қазақстан қыздары үшінші рет ұтылды
Қазақстан-U19 – Иран-U19 – 0:7. Фото: rfs.ru
Сочиде өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі бойжеткендер арасындағы «Кубань көктемі» халықаралық турнирінің топтық кезеңі тәмамдалды.

«Кубань көктемі» халықаралық турнирінің «А» тобында бақ сынаған Қазақстан бойжеткендері үшінші турда да ойсырай ұтылды. Бұл жолы жергілікті Краснодар өлкесі қыздарына 0:3 есебімен есе жіберіп алды.

Сөйтіп, Петр Пак жаттықтыратын қыздарымыз «А» тобында соңғы орынға табан тіреді. Енді 5-8 орындар сарапқа салынатын төртікте додаға түседі. Әуелі Румыния бойжеткендерімен кездеседі (24 наурызда).

«Кубань көктемі» халықаралық турнирі

«А» тобы:

1-тур

Иран-U19 – Краснодар өлкесі-U19 – 3:2
Қазақстан-U19 – Словения-U19 – 1:5

2-тур

Словения-U19 – Краснодар өлкесі-U19 – 0:0
Қазақстан-U19 – Иран-U19 – 0:7

3-тур

Иран-U19 – Словения-U19 – 1:0
Қазақстан-U19 – Краснодар өлкесі-U19 – 0:3


Қазақстан-U19 – Краснодар өлкесі-U19 – 0:3

Голдар: Захарова, 16. Захарова, 43. Ермакова, 77.
Ескертулер: Попкова, 20. Жәутікова, 27. Қожахмет, 68.

Краснодар өлкесі: Алешина, Десятник (Черная, 78), Ермакова, Мельникова (Дергоусова, 41), Лихота, Сасина (Морозова, 41), Тельпашова, Ящук (Ивченко, 67), Ефремова, Урывская (Вишнивецкая, 41), Захарова (Колесник, 70).

Қазақстан: Алмасбай (Бессонова, 78), Ақшалова, А.Садықова, Қожахмет, Ақбаева, Гисс, Жәутікова, Низамутдинова, Шмидт, Смағұлова (Шарапиденова, 54), Попкова. 

Төрешілер: Хафизова, Павленко, Крупская (бәрі де – Ресей).
22 наурыз. Сочи. «Спутник-Спорт» стадионы

1. Иран – 9 ұпай (доп айырмасы: 11-2)
2. Словения – 4 (5-2)
3. Краснодар өлкесі – 4 (5-3)
4. Қазақстан – 0 (1-15)

«В» тобы:

1-тур

Беларусь-U19 – Ресей-U19 – 0:0
Румыния-U19 – Әзірбайжан-U19 – 4:1

2-тур

Беларусь-U19 – Румыния-U19 – 4:0
Ресей-U19 – Әзірбайжан-U19 – 1:0

3-тур

Беларусь-U19 – Әзірбайжан-U19 – 1:1
Румыния-U19 – Ресей-U19 – 0:0

1. Беларусь – 5 (5-1)
2. Ресей – 5 (1-0)
3. Румыния – 4 (4-5)
4. Әзірбайжан – 1 (2-6)

Жартылай финалда кездесетіндер:

Беларусь-U19 – Словения-U19
Иран-U19 – Ресей-U19

5-8 орындар үшін:

Қазақстан-U19 – Румыния-U19
Краснодар өлкесі-U19 – Әзірбайжан-U19

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Қазақстан құрамасыРесейӘзірбайжанИранСловенияҚыздар құрамасыҚазақстан U-19"Кубань көктемі"

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку