Чемпиондар лигасы – Қыздарымыз жігіттеріміздің есесін қайтарды

Футбол
Чемпиондар лигасы – Қыздарымыз жігіттеріміздің есесін қайтарды
Шабуылда – Гүлнара Габелия. Фото: mtkhungaria.hu
Футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалында Шотландия клубымен кездескен Қазақстан чемпионы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

«БИІК-Қазығұрт» клубының қыздары Чемпиондар лигасының 1/16 финалындағы бірінші кездесуін өз алаңында өткізіп, Шотландияның «Глазго Сити» клубын ойсырата жеңді. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, екінші таймда Қазақстан чемпионы басымдық таныты.

Ойынның екінші жартысы басталған бетте, «БИІК-Қазығұрт» қарсыласын қыспаққа алып, 10 минуттың ішінде үш гол соқты. Бегайым Қырғызбаева есеп ашып, іле-шала Келин Корт пен Гүлнара Габелия екі гол соғып, «Глазго Сити» клубы қыздарын сеңдей соғыстырды.

Қарымта матч 12 қазан күні Глазгода өтеді. «БИІК-Қазығұрт» Шотландия клубына түзде да дес бермей, былтырғы жетістігін қайталайды, яғни 1/8-финалына шығады деп сенеміз. Осылай, ерлер арасындағы Чемпиондар лигасында Қарағандының «Шахтері» мен екі рет «Астананың» жолын кескен «Селтиктен» «БИІК-Қазығұрт» қыздары есемізді қайтарулары әбден мүмкін...

«БИІК-Қазығұрт» –  «Глазго Сити» – 3:0 (0:0)

Голдар: Қырғызбаева, 48. Корт, 54. Габелия, 58.

«БИІК-Қазығұрт»: Александра Гребенюк, Юлия Мясникова, Брук Даннигэн, Кристина Машкова, Дарья Кравец, Бегайым Қырғызбаева, Келин Корт, Чинвенду Ихезуо (Екатерина Бабшук, 89), Черити Адуле (Юлия Николаенко, 87), Алина Литвиненко, Гүлнара Габелия (Светлана Бортникова, 90+3).

Қосалқы құрам: Оксана Железняк, Джеки Мессомо, Жозефин Нганди, Екатерина Красюкова.

«Глазго Сити»: Ли Александер, Никола Дохерти, Лорен Макмерчи, Линн Росс, Кива Кинэн, Хэйли Лаудер, Леанн Кричтон, Кэти Маккейб, Эбби Грант, Ноэль Мюррей, Меган Фоли (Джоан Пэтон, 67).
Қосалқы құрам: Эрин Клэчерс, Саванна Маккарти, Карла Бойс, Эйлиш Максорли, Саманта Керр.

4 қазан 2017. Шымкент

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 12 – 21
Тура соққы: 8 – 8
Қиыс кеткені: 2 – 6
Тойтарылғаны: 2 – 7
Бұрыштама соққылар: 3 – 3
Офсайдтар: 2 – 4
Ескерту (сары қағаз): 3 – 4
Ереже бұзу: 20 – 15

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: UEFA Champions LeagueЧемпиондар лигасыҚыздар футболы"БИІК-Қазығұрт"Women's Champions LeagueBIIK-Kazygurt"Глазго Сити" Шотландия

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку