Чемпиондар лигасы – Қыздарымыз да Шотландия клубымен кездеседі

Футбол
Чемпиондар лигасы – Қыздарымыз да Шотландия клубымен кездеседі
УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі. «БИІК-Қазығұрт» 8-топта топ жарды. Фото: mtkhungaria.hu
Футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 кезеңіндегі жеребесі тартылып, Қазақстан чемпионы Шотландия клубымен кездесетін болды.

«БИІК-Қазығұрт» қыздары биылғы Чемпиондар лигасының іріктеу сатысында 8-топқа түсіп, бірінші орынға ие болған болатын. Сөйтіп, 1/16 финалында додаға түсетін 32 команданың қатарына іліккен. Бірақ жеребе тарту кезінде екінші қоржында болды.

Әйтсе де, «Лион», «Вольфсбург», «Барселона», «Бавария», «Русенгорд» секілді азулы клубтармен кездеспейтін болды. Сондай-ақ, рейтингтік көрсеткіштері өзінен сәл ғана жоғары Чехияның қос клубымен («Славия» және «Спарта») немесе Швецияның екінші командасы «Линчепингке» түспеді.

Жеребе Шотландияның әйелдер арасындағы ең азулы командасымен жолықтырып отыр. «Глазго Сити» осал команда емес. УЕФА-дағы рейтингтік көрсеткіші – 34,580. Ал «БИІК-Қазығұрт» клубының рейтингісі – 24,930. Былтыр Қазақстан чемпионы сияқты Чемпиондар лигасының 1/8-финалына дейін жеткен.

Десек те, Болгария маманы Калоян Петков жаттықтыратын «БИІК-Қазығұрт» қыздары намысты қолдан бермейді деп ойлаймыз. Кім біледі, бәлкім, «Глазго Сити» клубын жолынан тайдырып, футболшы жігіттерімізге (атап айтқанда, «Астана» клубына) үлгі көрсетіп, жол ашар...

Енді, әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16-финалында кездесетін командалар жұбымен таныс болыңыздар (бірінші ойындар 4 және 5 қазан күндері, ал қарымта матчтар 11 және 12 қазанда өтеді):

"БИІК-Қазығұрт" (KAZ) – "Глазго Сити" (SCO)
"Медик" (POL) – "Лион" (FRA, чемпион)
"Атлетико" (ESP) – "Вольфсбург" (GER)
"Челси" (ENG) – "Бавария" (GER)
"Авальдснес" (NOR) – "Барселона" (ESP)
"Аякс" (NED) – "Брешия" (ITA)
"Олимпия" Клуж (ROU) – "Русенгорд" (SWE)
"Санкт-Пельтен" (AUT) – "Манчестер Сити" (ENG)
"Фиорентина" (ITA) – "Фортуна" (DEN)
"Гинтра Университетас" (LTU) – "Цюрих" (SUI)
ЛСК (NOR) – "Брондбю" (DEN) 
"Минск" (BLR) – "Славия" Прага (CZE)
ПАОК (GRE) – "Спарта" Прага (CZE)
"Аполлон" (CYP) – "Линчепинг" (SWE)
"Монпелье" (FRA) – "Звезда-2005" (RUS)
"Стьярнан" (ISL) – "Россиянка" (RUS)

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Калоян ПетковUEFA Champions Leagueәйелдер футболыЧемпиондар лигасы"БИІК-Қазығұрт"1/16-финалыBIIK-Kazygurt"Глазго Сити" ШотландияGlasgow City (SCO)

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку