Қазақстан қыздары Әзірбайжан бойжеткендерінен ұтылды – “Даму кубогында” соңғы орындамыз

Футбол
Қазақстан қыздары Әзірбайжан бойжеткендерінен ұтылды – “Даму кубогында” соңғы орындамыз
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы «УЕФА Даму кубогы» бүгін аяқталды. Қазақстан қыздары соңғы орынға табан тіреді.

Подгорицада (Црна Гора) УЕФА туы астында ұйымдастырылған, қыздар арасындағы «Даму кубогы» халықаралық турнирі тәмамдалды. Қазақстан-U17 құрамасының қыздары соңғы турда Әзірбайжан бойжеткендерімен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберіп алды.

Сөйтіп, Орынбасар Дәуренбекова жаттықтыратын қыздарымыз «Даму кубогы» аясындағы үш ойында да жеңілістің кермек дәмін татты. Әуелі жергілікті Црна Гора-U17 құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Одан кейін Босния және Герцеговина бойжеткендеріне 1:2 есебімен есе жіберіп алды. Ал бүгін Әзірбайжан аруларынан да айлаларын асыра алмады.

Ал соңғы күнгі екінші ойында Босния және Герцеговина бойжеткендері Црна Гора қыздарын әупіріммен жеңді. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти тебуде 5:4 есебімен басым болды.

Сонымен, 2017 жылғы қыздар арасындағы «УЕФА Даму кубогында» Босния және Герцеговина бойжеткендері топ жарды. Црна Гора қыздары екінші орынға ие болды. Әзірбайжан аруларына бұйырғаны – үшінші орын. Ал Қазақстан-U17 құрамасы – соңғы сатыда.

Қазақстан-U17 – Әзірбайжан-U17 – 0:2

Қазақстан-U17: Оразбекова (Портнова), Болатбек, Бурова, Бекдайырова (Құрманғазина), Нарбек, Аруова, Көбесова, Михайлова (Исмаилова), Садықова (Скуфьина), Братченко, Багули.

Босния және Герцеговина-U17 – Црна Гора-U17 – 1:1 (пенальтиден – 5:4)

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: УЕФАҚазақстан құрамасыОрынбасар ДәуренбековаҚыздар футболыБосния және ГерцеговинаӘзірбайжан"Даму кубогы"Црна Гора

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку