Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының електік додасында топ жарды

Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының електік додасында топ жарды
Қазақстан құрамасы Тбилисиде. Фото: gff.ge
Әйелдер арасындағы 2019 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің бірінші тобында Қазақстан құрамасы үздік шықты.

Бүгін әйелдер арасындағы 2019 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің Грузияда додаға түскен төрттігі, яғни бірінші тобындағы құрамалар соңғы ойындарын өткізді. Қазақстан құрамасы Эстония аруларын жеңіп, бірінші орынға ие болды.

Осы топтағы екінші матчта Латвия және Грузия арулары арасындағы ойын біз болжағандай, тартысты өтіп, тең аяқталды. Екі құрама бірін-бірі жеңе алмады. Сөйтіп, Айтпай Жамантаев жаттықтыратын қыздарымыз бірінші орынды иеленді.

Сонымен, Қазақстан құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің екінші кезеңіне шықты. Бұл кезеңдегі топтық ойындар биыл 11 қыркүйекте басталып, 2018 жылдың 4 қыркүйегінде тәмамдалады. Ал осы топтық кезеңнің жеребесі 25 сәуір күні Ньонда тартылады. 35 құрама жеті топқа жіктеледі. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Тбилисиде өткен електік сында әуелі алаң иелері Грузия қыздарын жеңіп, одан кейін Латвия аруларымен тең түскен болатын. Ал бүгін Эстонияның бұрымды футболшыларынан басым түсті.

«А» тобы. Ойындар нәтижесі:

6 сәуір:

Латвия – Эстония – 4:0

Қазақстан – Грузия – 1:0

8 сәуір

Грузия – Эстония – 2:1

Қазақстан – Латвия – 2:2

11 сәуір

Латвия – Грузия – 1:1

Қазақстан – Эстония – 1:0

Гол: Николаенко, 62.

Қазақстан: Железняк (Гребенюк, 60), Жаңатаева, Бабшук, Мясникова, Қырғызбаева, Красюкова, Вылданова, Кәрібаева (Хайрулина, 89), Әйтімова, Николаенко (Гайстенова, 90+4), Айтымова Бортникова.

Эстония: Стригин, Паулус, Лоо (Таммик, 82), Кубасова (Аарна, 77), Банникова, Злиднис, Розен (Тоом, 70), Валс, Саар, Рутковская, Тюлп.

Бас төреші: Елени Лампадариу (Грекия)


Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан құрамасыӘлем чемпионатыәйелдер футболыжолдамаАйтбай ЖамантаевЕлектік кезеңІріктеу ойындары

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку