“БИІК-Қазығұрт” Чемпиондар лигасының жетінші електік тобында жеңімпаз атанды

Футбол
“БИІК-Қазығұрт” Чемпиондар лигасының жетінші електік тобында жеңімпаз атанды
"БИІК-Қазығұрт" Чемпиондар лигасының плей-офф сатысына шықты
«БИІК-Қазығұрт» командасы әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының електік кезеңінде бақ сынап, VІІ іріктеу тобында топ жарды. Әрі плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасына биыл 47 мемлекеттен 59 команда қатысты. Бұл – әзірше рекордты көрсеткіш. Осы ретте айта кетейік, Косова қыздары УЕФА-ның клубтық додасында тұңғыш рет бақ сынады.

Жалпы, әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасына ұлттық қауымдастықтар арасындағы рейтингтікте 1-11 орындарға орналасқан елдерден екі командадан қатысады. Қазақстан аталмыш тізімде 16-орында тұрғандықтан, бұл додаға тек өткен маусымдағы чемпионымызды үкілеп қосты.

Енді әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының өткізілу тәтібіне қысқаша тоқталып өтсек, 23 команда плей-офф додасына тікелей шықты. Олар – рейтингтік коэффициентері жоғары 11 мемелекеттің екі үздік командалары (сонда: 11 х 2 = 22) және 12-орындағы Норвегия чемпионы.

Қалған 36 команда тоғыз топқа бөлініп, іріктеу турнирінде бақ сынады. Қазақстан чемпионы «БИІК-Қазығұрт» 7-топқа түскен болатын. Бұл топтағы командалар Ирландияда додаға түсті.

«БИІК-Қазығұрт» әуелі алаң иелері, Ирландия чемпионы «Уэксфорд Ютс» клубымен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Бұдан кейін Молдованың «Криуляны» деп аталатын командасын 3:0 есебімен жеңді.

Соңғы күні Литваның «Гинтра Университетас» клубымен кездесті. Бұл команда Молдова қыздарын 13:0 есебімен күйрете жеңген болатын. Әйтсе де, «БИІК-Қазығұрт» 3:0 есебімен басым түсіп, 7-топтың жеңімпазы атанды.

Енді алдағы бейсенбі күні 1/16 финалының жеребесі тартылады. Әрі қарай Чемпиондар лигасы плей-офф жүйесімен өтеді. Орайы келгенде айта кетейік, бұл кубоктың былтырғы жеңімпазы – Францияның «Лион» клубы.

Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы. Іріктеу кезеңі. VІІ топ.

«Гинтра Университетас» (Литва) – «Криуляны» (Молдова) – 13:0

«БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) – «Уэксфорд Ютс» (Ирландия) – 3:1

Голдар: Габелия, 1 (1:0). Адуле, 14 (2:0). Литвиненко, 44 (3:0). О'Риордан, 54 (3:1).

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Мясникова, Кравец (Бабшук, 82), Машкова, Красюкова (Нганди, 90+3), Мессомо, Эшер, Ихезуо (Хайрулина 90+2), Литвиненко, Адуле, Габелия.

*  *  *   

«Гинтра Университетас» – «Уэксфорд Ютс» – 2:1

«БИІК-Қазығұрт» – «Криуляны» – 3:0

Голдар: Габелия, 3. Бортникова, 18. Габелия, 72.

«БИІК-Қазығұрт»: Шойкина, Мясникова (Машкова, 46), Бабшук, Красюкова (Кравец, 46), Вылданова, Нганди, Ихезуо (Эшер, 55), Хайрулина, Бортникова, Кәрібаева, Габелия.

*  *  *   

«Уэксфорд Ютс» – «Криуляны» – 0:0

«БИІК-Қазығұрт» – «Гинтра Университетас» – 3:0

Голдар: Адуле, 7. Литвиненко, 44. Габелия, 82.

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Мясникова, Машкова, Кравец, Нганди, Эшер, Мессомо (Вылданова, 90), Ихезуо (Хайрулина, 90+2), Литвиненко (Бабшук 90+5), Габелия, Адуле.



Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: әйелдер футболыЧемпиондар лигасыплей-офф"БИІК-Қазығұрт"ГабелияАдулеЖелезнякКәрібаева

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку