Томасов үздік танылды – «Спортингтің» сорын қайнатты

Футбол
Томасов үздік танылды – «Спортингтің» сорын қайнатты
Фото fca.kz сайтынан
Еуропа лигасының 1/16-финалындағы «Спортинг» – «Астана» матчында Марин Томасов ең үздік ойыншы болып танылды.

«Астана» футбол клубының ресми сайты «Спортинг» пен «Астана» арасындағы қарымта матчтың үздік ойыншысын анықтау үшін сауалнама жүргізіпті. Оның қорытындысы бойынша, осы матчта бірінші голды салып, соңғы доп соғылғанда тамаша пас берген Марин Томасов үздік танылған.

Аталмыш сауалнама қорытындысы төмендегідей екен (барлығы 6 518 адам дауыс берген):

1.Марин Томасов – 54,9%
2.Дмитрий Шомко – 20,8%
3.Патрик Твумаси – 14,6%
4. Абзал Бейсебеков – 3,5%
5.Марин Аничич – 1,3%

Бұл ойында Марин Томасовтың аса жоғары деңгейде өнер көрсеткендігі UEFA назарынан да тыс қалған жоқ. УЕФА-ның ресми сайты Еуропа лигасының осы аптадағы таңдаулы құрамасын құрастырды. FedEx Performance Zone рейтингісі негізінде жасақталған үздіктер құрамына Марин Томасов та ілікті.

Еуропа лигасының 1/16 финалында өнер көрсеткен 32 клубтың небір қас шеберлері арасында 11 үздік футболшының қатарына ілігу – өте жоғары жетістік һәм мәртебе. Томасов шынымен де соған лайық болды. Естеріңізде болар, «Астана-Арена» стадионындағы бірінші ойында да «Спортингтің» қақпасына гол соққан дәл осы Марин болатын.  

Еуропа лигасының осы аптадағы таңдаулы құрамасы. UEFA тұжырымы:

қақпашы

Антони Лопеш ("Лион") – жалпы рейтинг: 57 (+87)

қорғаушылар

Михалис Бакакис (AEK) – жалпы рейтинг: 108 (+180)
Лукаш Гейда ("Виктория") – жалпы рейтинг: 132 (+189)
Баштуш ("Лацио") – жалпы рейтинг: 158 (+151)
Бранислав Иванович ("Зенит") – жалпы рейтинг: 118 (+285)

жартылай қорғаушылар

Фелипе Андерсон ("Лацио") – жалпы рейтинг: 4 (+167)
Бруну Фернандеш ("Спортинг") – жалпы рейтинг: 1 (+2)
Леандро Паредес ("Зенит") – жалпы рейтинг: 93 (+188)
Марин Томасов ("Астана") – жалпы рейтинг: 67 (+297)

шабуылшылар

Чиро Иммобиле ("Лацио") – жалпы рейтинг: 5 (+94)
Мунас Даббур ("Зальцбург") – жалпы рейтинг: 57 (+190)


Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Марин ТомасовFC AstanaГолЕуропа лигасыРейтинг"Астана" ФКПас"Спортинг"Үздік ойыншыСауалнамаUEFA Europa LeagueMarin TomasovSporting

Вернуться назад