Еуропа лигасына «Ордабасы» қатыспайды – «Тобыл» ойнайды

Футбол
Еуропа лигасына «Ордабасы» қатыспайды – «Тобыл» ойнайды
Фото: fctobol.kz
Бүгін ҚФФ Сертификация комиссиясының отырысы өтіп, онда «Ордабасы» клубы Еуропа лигасына жіберілмейтін болып, шешім қабылданған...

«УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» негізіне сәйкес өткен Сертификация комиссиясының отырысында келесі шешімдер қабылданды:

- 2018/2019 жылғы УЕФА маусымының клубық жарыстарына қатысу құқығы үшін келесі клубтарға сертификат беру:

«Астана» футбол клубы (Астана қ.);

«Қайрат» футбол клубы (Алматы қ.);

«Ертіс» футбол клубы (Павлодар қ.).

- «Ордабасы» футбол клубына (Шымкент қ.) «УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» қаржылық талаптарды орындамағаны үшін (52-бап – әлеуметтік қорлар мен салықтық органдар алдында кредиторлық қарыздарды өтеу уақытының бақылау мерзімін бұзғаны үшін) 2018/2019 жылғы маусымда УЕФА жарыстарына қатысу құқығына Сертификат беруден бас тарту  

- «Тобыл» футбол клубына (Қостанай қ.) 2017 жылғы Премьер-лига командалары арасында Қазақстан Чемпионатының қорытындысы бойынша спорттық нәтиже негізінде және «УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плэй және футбол клубтарын сертификациялау ережесінің» барлық талаптарын орындағаны үшін 2018/2019 жылғы маусымда УЕФА жарыстарына қатысу құқығына Сертификат беру.

kff.kz

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Еуропа лигасы"Тобыл"Шешім"Ордабасы" ФКСертифкациялауTobol KostanayOrdabasy ShymkentUEFA Europa LeagueҚарызСалықҚұқығынан айырылдыФэйр-плей

Вернуться назад