«Астана» қазақ футболына 3,5 миллион еуро сыйлады

Футбол
«Астана» қазақ футболына 3,5 миллион еуро сыйлады
"Астана" Еурокубок додаларында қазақ жанкүйерлерін қуанышқа бөлеп жүр. Фото: fca.kz
«Астана» 2015/2016 жылғы маусымында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін Қазақстан федерациясына үш жарым миллион еуро бөлінді.

«Шахтер» ФК Атқарушы директорының орынбасары Нұрғазы Жарылғапов «Астана» ФК Бас менеджері Саян Хамитжановқа Қарағанды клубының атынан хат жолдап, клубтың Еуропа футбол қауымдастықтары одағынан (УЕФА) алған қаржылай көмегіне алғыс білдірді.

«Астанаға» балалар формасы мен инвентарьлар сатып алуға көрсетілген қаржылай көмегі үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің көмектеріңіз балалар мен жасөспірімдер футболын дамуына зор үлес қосып отыр. «Астананың» Еурокубоктардағы сәтті ойындарының арқасында «Шахтер» футбол орталығын материалдық-техникалық жабдықтау үшін қомақты қаржы алады!» — дейді «Шахтер» клубы басшыларының бірі.

Тоқ етерін айтқанда, «Астана» президенттік клубының құрамына енетін «Астана» ФК-ның 2015/2016 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін ұлттық қауымдастыққа үш жарым миллион еуро көлемінде қаржы бөлінді. Қазақстан футбол федерациясы бұл қаржыны премьер-лигада өнер көрсететін клубтарымызға бөліп берді. 

«Астананың» өзіне бұл қаржыдан ештеңе берілмейді. УЕФА-ның бұлай қаржы бөлудегі өз мақсаты бар, яғни бұл қаражат балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталады.

"Астана" футбол клубы

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Теги: УЕФАСаян ХамитжановЧемпиондар лигасыЕуропа лигасы"Астана" ФКеуроҚаржыМиллион

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку