Еуропа лигасы – «Вильярреал» мен «Славия» тең түсті

Футбол
Еуропа лигасы – «Вильярреал» мен «Славия» тең түсті
«Вильярреал» (Испания) – «Славия» (Чехия) – 2:2. Фото: villarrealcf.es
Еуропа лигасының «А» тобында үшінші турдың екінші ойыны да аяқталды. Испанияда «Вильярреал» мен «Славия» тең түсті. Сөйтіп жағдай шиеленіске айналды.

«Астанамен» бір топта ойнайтын «Вильярреал» мен «Славия» «Эстадио-де-ла-Керамика» стадионында кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Бірінші таймның ортасында Чехия клубы екі гол соғып, алаң иелерін әбден састырды. Голдарды Нецид пен Данни соқты

Алайда «Вильярреал» қарқынын үдетіп, бірінші таймның соңында таразы басын теңестірді. Тригерос пен Бакка үш минуттың ішінде екі гол соғып, алаң иелері үзіліске дейін еңсе тіктеді. Ал ойынның екінші жартысында есеп өзгерген жоқ. Матч осылай тең аяқталды.

«Астана» – «Маккаби» – 4:0 (2:0)

Голдар: Твумаси, 33-пенальтиден. Твумаси, 42. Кабананга, 47. Кабананга, 52.

«Вильярреал» (Испания) – «Славия» (Чехия) – 2:2 (2:2)

Голдар: Нецид, 18 (0:1). Данни, 30 (0:2). Тригерос, 41 (1:2). Бакка, 44 (2:2).

«А» тобы. ІІІ турдан кейінгі жағдай



Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: FC AstanaЕуропа лигасыТоптық кезең"Астана" ФКUEFA Europa League"Вильярреал""Villarreal""Славия""Маккаби" (Тель-Авив)"Slavia" Praha"Maccabi" Tel-Aviv

Вернуться назад