Еуропа лигасы – Астанадағы билет бағасы

Футбол
Еуропа лигасы – Астанадағы билет бағасы
Фото fca.kz сайтынан
«Астна» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі өз алаңында өтетін ойындардың билеттері бағасын жариялады.

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубы мен оның құрамына кіретін «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі ойындарының билеттері бағасын бекітіпті.

Билеттер бағасы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі шамада қалатын болыпты. Яғни «Астана» және «Селтик» кездесуі арасындағы матчтың билеттері бағасы негізге алынған.

Сонымен, Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» футбол клубының өз алаңында өткізетін ойындарына сатылатын билет бағасы – 1000 теңгеден 5000 теңгеге дейін.

Студенттер мен мектеп оқушыларына 50% жеңілдік қарастырылған. Яғни олар 500 теңгеге билет сатып ала алады. Ал зейнеткерлер тегін кіреді. Тек міндетті түрде зейнеткер куәлігін көрсетуі керек.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: FC AstanaUEFA Champions LeagueСтадионБилет бағасыЧемпиондар лигасыЕуропа лигасы"Астана-Арена""Астана" ФККөрермендерUEFA Europa League

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку