Бірінші ойында ең көп гол соққан клубтың бірі – «Астана»

Футбол
Бірінші ойында ең көп гол соққан клубтың бірі – «Астана»
«Астана» (Қазақстан) – «Легия» (Польша) – 3:1. Фото: legia.com
Кеше түнде Чемпиондар лигасының үшінші сатысында бірінші ойындар түгелдей аяқталды. Бір ойында үш голдан артық соққан команда жоқ...

Чемпиондар жолында тек «Олимпиакос» клубы ғана келесі кезеңге өту мәселесін шешіп алғандай. Грекия чемпионы түзде «Партизанды» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Енді өз алаңында үш гол айырмасымен ұтыла қоймас... Ал «Селтик» өз жерінде Норвегия чемпионын ұта алмады. Көптен бері бірінші рет гол соға алмады.

Жеребе тарту рәсімінде екшелгендер қатарында болатын (яғни коэффициенті жоғары) «Зальцбург» те үйдегі ойында жеңіске жете алмай, тең түсті. Жалпы, екшелген клубтардың бірінші ойындарына әлден тоқталғанымыз дұрыс болмас. «Астанаға» әуелі «Легиядан» өтіп алу керек...    

Сонымен, УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысындағы бірінші ойындар төмендегідей нәтижелермен аяқталды:

Чемпиондар жолы:

"Астана" (KAZ) – "Легия" (POL) – 3:1

"Селтик" (SCO) – "Русенборг" (NOR) – 0:0

"Партизан" (SRB) – "Олимпиакос" (GRE) – 1:3

"Зальцбург" (AUT) – "Риека" (CRO) – 1:1

"Вардар" (MKD) – "Копенгаген" (DEN) – 1:0

"Славия" Прага (CZE) – БАТЭ (BLR) – 1:0

"Хапоэль" (Беэр-Шева, ISR) – "Лудогорец" (BUL) – 2:0

"Карабах" (AZE) – "Шериф" (MDA) – 0:0

"Марибор" (SVN) – "Хабнарфьордюр" (ISL) – 1:0

"Вииторул" (ROU) – АПОЕЛ (CYP) – 1:0

Лига өкілдері (азулы клубтар) жолы:

"Динамо" Киев (UKR) – "Янг Бойз" (SUI) – 3:1

АЕК (Афины, GRE) – ЦСКА (Мәскеу, RUS) – 0:2

"Стяуа" (ROU) – "Виктория" (CZE) – 2:2

"Ницца" (FRA) – "Аякс" (NED) – 1:1

"Брюгге" (BEL) – "Истанбул Башакшехир" (TUR) – 3:3

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: ЦСКАFC AstanaUEFA Champions LeagueЧемпиондар лигасы"Астана" ФК"Селтик""Олимпиакос""Динамо" Киев"Легия" (Польша)

Вернуться назад