«Астананың» келесі қарсыласы – «Легия» (Польша)

Футбол
«Астананың» келесі қарсыласы – «Легия» (Польша)
"Астананың" келесі қарсыласы "Легия" болуы мүмкін... Фото: legia.com
«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықса, Польшаның «Легиясымен» кездеседі...

Бүгін Чемпиондар лигасы үшінші кезеңінің жеребесі тартылып, «Спартак» (Юрмала) – «Астана» жұбында жеңіске жеткен клубтың келесі сатыдағы қарсыласы белгілі болды.

Осы екі команданың келесі кезеңге шыққаны «Мариехамн» (Финляндия) — «Легия» (Польша) жұбында жеңіске жеткен клубпен кездеседі. Ал мұнда Польша чемпионының басым түсетіндігіне ешкім де күмән келтірмейді. Себебі олар түзде 3:0 есебімен үстем түскен-ді...

«Легия» осал команда емес. Былтыр ғана Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған. «F» тобында бақ сынап, үшінші орын алған. «Боруссия» (Дортмунд) клубынан өз алаңында 0:6, түзде 0:1 есебімен ұтылған. 

Есесіне, әйгілі Мадридтің «Реалымен» өз жерінде 3:3 есебімен тең түсіп, сырт алаңда 1:2 есебімен ғана ұтылған. Ал «Спортинг» (Португалия) командасын үйде 1:0 есебімен ұтып, түзде 0:2 есебімен есе жіберіп алған.

Сөйтіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде, «F» тобында ығай мен сығайлардың арасына түссе де, 3-орын алып, Еуропа лигасына ойысқан. Бірақ бұл кубоктың 1/16 финалында жолы болмай, «Аякс» клубына жол берген болатын – 0:0 және 0:1.

Сонымен бүінгі жеребенің қорытындысы (Бірінші ойын – 25/26 шілде, қарымта матч – 1/2 тамыз:

Лига өкілдері (азулы клубтар) жолы:

"Стяуа" (ROU) – "Виктория" (CZE)
"Ницца" (FRA) – "Аякс" (NED)
"Динамо" Киев (UKR) – "Янг Бойз" (SUI)
АЕК (GRE) – ЦСКА Москва (RUS)
"Брюгге" (BEL) – "Истанбул Башакшехир" (TUR)

Чемпиондар жолы:

"Славия" Прага (CZE) – БАТЭ (BLR)/"Алашкерт" (ARM)
"Спартак" Юрмала (LVA)/"Астана" (KAZ) – "Мариехамн" (FIN)/"Легия" (POL)
"Зриньски" (BIH)/"Марибор" (SVN) – "Хабнарфьордюр" (ISL)/"Викингур" (FRO)
"Жилина" (SVK)/"Копенгаген" (DEN) – "Мальме" (SWE)/"Вардар" (MKD)
"Линфилд" (NIR)/"Селтик" (SCO) – "Дандолк" (IRL)/"Русенборг" (NOR)
"Хапоэль" Беэр-Шева (ISR)/"Гонвед" (HUN) – "Жальгирис" (LTU)/"Лудогорец" (BUL)
"Вииторул" (ROU) – АПОЕЛ (CYP)/"Дюделанж" (LUX)
"Хибернианс" (MLT)/"Зальцбург" (AUT) – "Риека" (CRO)/"ТНС" (WAL)
"Карабах" (AZE)/"Самтредия" (GEO) – "Шериф" (MDA)/"Кукес" (ALB)
"Партизан" (SRB)/"Будучность" (MNE) – "Олимпиакос" (GRE)

Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: FC AstanaUEFA Champions LeagueЧемпиондар лигасыЖеребе"Спартак" ЮрмалаҮшінші кезең"Легия" (Польша)

Вернуться назад