Чемпионның ойынын тек қазақ тілінде “көк жәшіктен” көреміз

Футбол
Чемпионның ойынын тек қазақ тілінде “көк жәшіктен” көреміз
Ертең «Астана» Чемпиондар лигасындағы биылғы “жорығын” бастайды. Чемпионымыздың алғашқы ойынын «Хабар» арнасы көрсететін болыпты.

УЕФА Чемпиондар лигасының екінші електік кезеңі аясындағы «Спартак» (Юрмала) – «Астана» кездесуі ертең, яғни 12 шілде күні біздің уақытпен 22:00-де басталады. Бұл ойынды Қазақстан аумағына «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Әрі Латвиядағы матч тек қазақ тілінде жүргізілетін болыпты.

Осы ретте айта кетейік, «Спартак» (Юрмала) – «Астана» кездесуіне Ирландия төрешілері қазылық етеді. Бас төреші – Нил Дойл. Оған Роберт Кларк және Дермот Брофтон сынды жерлестері көмектесетін болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана» қазір – Юрмалада. Ертеңгі ойынға дайындалып жатыр. Бүгін ашық жаттығу жұмысын өткізеді. Ал қарымта матч бір аптадан кейін, 18 шілде күні елордада өтеді. Басталуы – біздің уақытпен 20:00-де.

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: FC AstanaUEFA Champions LeagueЧемпиондар лигасы"Астана" ФКБас төреші"Спартак" ЮрмалаТелетрансляцияТікелей эфир

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку