Абай бол, “Янг Бойз”: “Астана” – “Баден” – 7:0

Футбол
Абай бол, “Янг Бойз”: “Астана” – “Баден” – 7:0
«Астана» (Қазақстан) – «Баден» (Швейцария) – 7:0. Фото: fca.kz
«Астаны» футбол клубы Швейцарияда жолдастық кездесу өткізіп, осы елдің «Баден» деген клубын 7:0 есебімен тас-талқан қылды.

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынына Швейцарияда дайындалып, оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» футбол клубы бүгін бір ойын өткізді.

Дайындығын пысықтап алу мақсатында Швейцария чемпионатының бірінші лигасында ойнайтын, әрі осы топтың көшбасшыларының бірі болып табылатын «Баден» клубымен кездесті.

Бұл ойында «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов қарамағындағы, нақтырақ айтқанда, Швейцарияға алып барған ойыншыларының барлығын дерлік алаңға шығарып, мүмкіндік берген. Тек үшінші қақпашы Абылахан Дүйсен ғана алаңға шықпаған.

«Астана» бұл ойында деңгейінің жоғары екендігін көрсетіп, айқын басымдық танытқан. Мәселен, «Баден» клубының ойыншылары тек 44-минутта ғана Қазақстан чемпионының қақпасына соққы бағыттай алған...

«Астана» – «Баден» (Швейцария) – 7:0 (4:0)

Голдар: Нұрғалиев (пенальтиден), Кабананга (2), Мұртазаев (2), Твумаси, Деспотович.  

«Астана»: Мокин (Эрич, 46), Шомко (Логвиненко, 46), Бейсебеков (Шитов, 46), Постников (Жүнісов, 76), Малый (Аничич, 46), Каньяс (Максимович, 46), Наджарян (Мұжықов, 46), Твумаси (Наджарян, 60), Нұрғалиев (Күлбеков, 80), Мұртазаев (Әлиев, 80), Кабананга (Деспотович, 46).

Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсан күні «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізіп, Бернде жергілікті «Янг Бойз» клубымен кездеседі. Бұл ойын Астана уақытымен бейсенбіден жұмаға ауған түн ортасында басталады.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: кабанангатвумасиСтанимир СтойловЕуропа лигасыжолдастық кездесуНұрғалиевМаксимовичМұртазаевДеспотович"Астана" ФКШвейцария"Баден"

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку