«Ақтөбе» мен «Ордабасы» сақалдыларын айырбастапты

Футбол
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» сақалдыларын айырбастапты
Фотолар: fc-aktobe.kz
«Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтары екеуара келісім негізінде, жазғы трансферлік кезеңге дейін легионерлерін айырбастапты.

«Ақтөбе» «Ордабасы» клубына грузин Джамбул Джигауриді беріп, өздері Шымкент командасынан серб Александр Симчевичті алған. Жартылай қорғаушысын қорғаушыға айырбастаған. Жазғы трансфер кезеңіне дейін осылай легионерлерін айырбастаған.

Бұл ақпаратты осыдан екі күнге жуық уақыт бұрын «Ақтөбе» футбол клубы жариялады. Тіпті Симчевичтің «ақ-қызылдар» жейдесімен жаттығып жүрген фотоларын да жариялады. Ал «Ордабасы» клубы – әлі үн-түсіз. Симчевич шымкенттіктердің соңғы жолдастық кездесуінде (28 ақпанда) алаңға шыққан болатын.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыТрансфер жаңалықтары"Ақтөбе""Ордабасы" ФКKazakhstan Premier LeagueOrdabasy ShymkentFC AktobeАлександр СимчевичДжамбул Джигаури

Вернуться назад