«Қайратта» психологиялық басымдық бар – Жанарбек Әшімжан

Футбол
«Қайратта» психологиялық басымдық бар – Жанарбек Әшімжан
«Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы – Жанарбек Әшімжан
Қазақстан премьер-лигасының ХХХІІ турына «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Жанарбек Әшімжан болжам береді.

«Астана» – «Қайрат» – 0:1

Осы турдағы орталық ойынды бүкіл Қазақстан күтуде. Еуропа лигасында өнер көрсетіп жатқан «Астана» күшін сақтауды мақсат тұтады десек те, ежелгі қарсыластардың ойыны өте ширыққан жағдайда болатыны даусыз. Осы ойында қызыл қағаз да орын алуы ғажап емес. Биылғы чемпионатта, кубок жолында «Астанадан» бірнеше мәрте үстем түскен «Қайратта» псиxологиялық басымдық бар.

«Ақтөбе» – «Ордабасы» – 1:1

Бар күшін өткен турға жұмсаған «Ордабасыға» жоғалтатын түк те жоқ. Ал «Ақтөбеге» соңғы турларда барын салмаса, тағдыры қыл үстінде.

«Шаxтер» – «Тобыл» – 2:1

Қос команда бұл чемпионатта ала-құла өнер көрсетті. Кеншілер маусымның ортасында ғана ес жиды. Бұл командалар арасындағы ойындар әуелден-ақ тартысты өтіп келеді. Осы жолы «Шаxтердің» басым түсетіні даусыз.

«Атырау» – «Тараз» – 2:0

«Атырау» қалай ышқынса да, алдыңғы топқа жете алмасы анық. Бірақ жанкүйерлерін жерге қаратпау үшін "Тараздан" сөзсіз үш ұпай алуға тамаша мүмкіндік туып тұр. Ал жамбылдықтар бұл чемпионат осымен тәмәм деуге болар.

«Ақжайық» – «Қайсар» – 1:1

Оралдық команда өте қауіпті аймақта тұр. Сол үшін ұшып кетпеудің қамын жасап бағатыны анық. Ал «Қайсар» ақырғы күшін жинап, алтылыққа ұмтылып көреді.

«Оқжетпес» – «Ертіс – 1:2

«Ертіс» барлық мүмкіндіктерді өз қолдарынан берді. Жеңісті дәстүрі бар команда көкшеліктерден басым түсуі тиіс.

Ермек төртінші орынға орнықты

ХХІV турындағы кейінге шегерілген матчына «Qazsport» телеарнасының редакторы және комментаторы Ермек Төрениязов болжам берген болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар. Ал осы турдың қалған бес ойынына берген болжамын және олардың қорытындысын мына сілтеме арқылы көруге болады

Ермек Төрениязовтың ХХІV турға берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Негізі, Нағи Бақытбеков екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Мадина Асылбек пен Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты; 

** – Ардақ Тоғымов пен Алмас Манап бір ойынның есебін дәл тапты, сондай-ақ екі ойынның қалай аяқталатындығын болжап шықты. Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;

*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Астана""Қайрат""Шахтер" ФК"Оқжетпес""Тобыл""Ақтөбе""Ертіс""Ақжайық""Қайсар""Атырау" ФК"Ордабасы" ФК"Тараз" ФКБолжам-бәйгеKazakhstan Premier LeagueЖанарбек Әшімжан

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку