«Астана» алтынын, «Оқжетпес» орнын ойлайды – Ермек Төрениязов

Футбол
«Астана» алтынын, «Оқжетпес» орнын ойлайды – Ермек Төрениязов
«Qazsport» телеарнасының комментаторы – Ермек Төрениязов
Қазақстан премьер-лигасының ХХІV турындағы кейінге шегерілген матчына «Qazsport» телеарнасының редакторы және комментаторы Ермек Төрениязов болжам береді.

«Астана» – «Оқжетпес» – 3:1

Қос команда үшін əрбір матч – маңызды. Бірі чемпиондықты қорғап қалғысы келсе, екіншісі премьер-лигадағы орны үшін алаңдайды. Бұл ойынға Станимир Стойлов негізгі құрамдағы футболшыларды түгел қоспайтын шығар. Алда "Қайратпен" жəне "Маккабимен" маңызды матч бар. Дегенмен, алаң қожайындары кем дегенде екі доп айырмашылығымен жеңіске жетуі тиіс. Премьер-лигадағы тағдыры қыл үстінде тұрған көкшеліктер бір голмен жауап қатар.

P.S.: Ермектің ХХІV турдың қалған бес ойынына берген болжамын мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.

Соңғы турлар сан соқтыра бастады...

ХХХІ турға «ЖайықПресс» медиахолдингінің фототілшісі және спорт шолушысы Түгелбай Бисен болжам берген болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.

Түгелбай Бисеннің ХХХІ турға берген болжамының қорытындысы



Ескерту:

* – Ермек екі ойынның нәтижесін дәл тапты. Әрі кейінге шегерілген бір ойыны бар. Негізі, Нағи Бақытбеков те екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Мадина Асылбек пен Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты; 

** – Ардақ Тоғымов пен Алмас Манап бір ойынның есебін дәл тапты, сондай-ақ екі ойынның қалай аяқталатындығын болжап шықты. Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;

*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: FC AstanaҚазақстан Премьер-лигасы"Оқжетпес"Ермек Төрениязов"Астана" ФКБолжам-бәйгеАлтын медальKazakhstan Premier LeagueOkzhetpes Kokshetau"Qazsport"Комментатор

Вернуться назад