Пентакампеондар шайқасы немесе екінші алтылықтың «чемпионы» – Түгелбай Бисен

Футбол
Пентакампеондар шайқасы немесе екінші алтылықтың «чемпионы» – Түгелбай Бисен
«ЖайықПресс» медиахолдингінің фототілшісі және спорт шолушысы – Түгелбай Бисен
Қазақстан премьер-лигасының ХХХІ турына «ЖайықПресс» медиахолдингінің фототілшісі және спорт шолушысы Түгелбай Бисен болжам береді.

«Қайрат» – «Ақжайық» – 2:0

«Ақжайық» маусым соңында қарқынын үдеткенімен ол қарқын Алматыда «Қайратты» жеңбек түгілі, тең түсіп, бір ұпай алуға да жетпейді. Шындыққа тіке қарауымыз керек. «Астананың» ізіне түскен «Қайрат» ешкімді де аямайды.

«Ертіс» – «Ақтөбе» – 0:1

Пентакампеондар шайқасы... Ұшып кеткісі келмесе, «Ақтөбе» әрекет етуі керек. Соңынан ілескендер қателікті кешірмейді.

«Тараз» – «Шахтер» – 1:0

Өйткен турда «Оқжетпестің» ауласына той сыйлаған «Тараз» – ҚПЛ-мен қоштасатындар қатарында. Басқа елдің футболы «қай команда чемпион болар екен» деп тықыршыса, біз «қайсысы ұшып кетер екен» деген мәселеге қызылкеңірдек боламыз. «Ертіс» «Ақтөбеден» жеңіле қоймас дегенді ойынан шығармайтын «Тараз» үш ұпай үшін барын салады.

«Ордабасы» – «Астана» – 0:2

Басты мәселені шешіп қойған Шымкенттің зейнеткерлері демалып, бұл ойынға жастары шығатын секілді. Дегенмен сол жастар «Астанаға» бір азуын көрсетер. Бірақ, жеңе алмайды.

«Қайсар» – «Атырау» – 1:1

Елі шалғай болғанымен, турнир кестесінде жақын тұрған ұжымдар табан тіресе шайқасады. «Атырау» «Қайсардан» “озсам”, ал «Қайсар» «Шахтерден» жеңілгені үшін жанкүйерлері алдында “ақталсам” дейді. Қызықты ойын болғанымен, көп гол соғыла қоймас.

«Тобыл» – «Оқжетпес» – 2:0

Соңғы жылдардағы екінші алтылықтың “чемпионы” биыл бір саты жоғары тұр. “Бұдан да жоғары болсақ” деген ойлары да бар. Төртінші орыннан дәмелі. Сондықтан «Оқжетпесті» ұтулары керек.

Ардаққа бұйырғаны – бес ұпай...

ХХХ турдың мерзімінен бұрын мен өткен жексенбіде аяқталған ойындарына белгілі спорт журналисі және қайраткері Ардақ Тоғымов болжам берген болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар.

Ардақ Тоғымовтың ХХХ турға берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Ермек екі ойынның нәтижесін дәл тапты. Әрі кейінге шегерілген бір ойыны бар. Негізі, Нағи Бақытбеков те екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Мадина Асылбек пен Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты; 

** – Ардақ Тоғымов пен Алмас Манап бір ойынның есебін дәл тапты, сондай-ақ екі ойынның қалай аяқталатындығын болжап шықты. Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;

*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Теги: Қазақстан чемпионаты"Қайрат""Шахтер" ФК"Оқжетпес""Тобыл""Ақтөбе""Ертіс""Ақжайық""Қайсар""Астана" ФК"Атырау" ФК"Ордабасы" ФК"Тараз" ФКБолжам-бәйгеKazakhstan Premier LeagueТүгелбай Бисен"ЖайықПресс"

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку