Үшінші турда үздік шыққан – Шолпан Санақбай

Футбол
Үшінші турда үздік шыққан – Шолпан Санақбай
«Бавария» – «Селтик» фотосы fcbayern.com сайтынан алынды
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының үшінші турында жігіттердің бәрінен Шолпан қарындасымыз асып түсті.

Бұл турда үш болжамшымыз бір ойынның нәтижесін дәл тапты. Екеуі тіпті екінші ойында қай команданың жеңіске жететіндігін де жорамалдады. Бір қызығы, бұл турда екі журналист қарындасымыз үздік үштікке ілігіп, Шолпан Санақбай 4,25 ұпаймен «тур жеңімпазы» атанды.

Шолпан «Бавария» – «Селтик» матчының есебін дәл тапты – 3:0. Содан соң ПСЖ клубының «Андерлехтті» ойсырата ұтатындығын пайымдады (болжам – 0:3, ал матч 0:4 есебімен аяқталды). Әрі бірінші таймда Франция клубының 2:0 есебімен басым түсетіндігін де шешті.

Бұл турда екінші орынға Ғабит Қадірбай ие болды. Ол Еуропа лигасының «K» тобындағы ойындарға болжам беріп, «Зюлте-Варегем» және «Витесс» клубтары арасындағы матчтың 1:1 есебімен аяқталатындығын бұлжытпай, дәл тапты. Содан соң «Лационың» түзде «Ниццадан» айласын асыратындығын да топшылады (болжам – 1:2, ал матч 1:3 есебімен аяқталды).

Осы турда үшінші орынды Айымгүл Ғалиева еншіледі. Ол «Бенфика мен «Манчестер Юнайтед» клубтары арасындағы ойынның есебін айна қатесіз тапты (0:1). Тіпті бұл ойынның бірінші таймында гол соғылмайтындығына сәуегейлік жасап, қателескен жоқ.   

Енді үш турдың қорытынды кестесіне көз жүгіртулеріңізге болады:

Ескерту: Ұпайлары бірдей болжамшыларымыз қосымша көрсеткіштері (қызыл қағаз, пенальти және Total қағидасы) бойынша жіктелді.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне арнайы ұйымдастырып отырған «Болжам-бәйгеміздің» ережесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.


Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Теги: ПСЖFC AstanaUEFA Champions LeagueЧемпиондар лигасыЕуропа лигасыРейтинг"Астана" ФКБолжам-бәйге"Барселона""Челси""Бавария""Манчестер Юнайтед""Реал" (Мадрид)UEFA Europa LeagueШолпан СанақбайАйымгүл Ғалиева

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку