Бәйгеміздің жеңімпаздары – Мадина Асылбек пен Ғабит Сапарбеков

Футбол
Бәйгеміздің жеңімпаздары – Мадина Асылбек пен Ғабит Сапарбеков
Фото fca.kz сайтынан алынды
Еуропа кубоктарының іріктеу сатыларындағы ойындар толықтай аяқталып, біздің болжамшылар арасындағы бәйгеміз де көмбесіне жетті.

«Астана» Чемпиондар лигасының плей-офф сатысындағы қарымта кездесуін елордада өткізіп, «Селтикті» 4:3 есебімен тізе бүктірді. Осымен біздің клубтарымыз үшін Еуропа кубоктарының іріктеу кезеңдері аяқталды.

Енді топтық кезеңдегі ойындар басталады. Яғни біздің бәйгеміз әлі жалғасады. Тек басқа үлгіде. Жалпы, біздің елден топтық кезеңге шыққан – те «Астана» ғана. Қалған үш клубымыз бірінші және екінші іріктеу сатысынан аса алмаған.

Ал іріктеу сатысындағы бәйгемізде Мадина Асылбек пен Ғабит Сапарбеков жеңімпаз атанды. Екеуі де 13 ұпайдан жинады. Әлібек Байшүленов соңғы турда Михаил Васильевтің алдын орап кетті. Үшеуіне де топтық кезеңде басымдық беріледі. Оны әлі хабарлаймыз.

Енді болжамшыларымыздың Чемпиондар лигасының плей-офф сатысындағы қарымта матчқа берген болжамдарының қорытындысын ұсынамыз (жақша ішінде – ұпайлары):


Сегіз турдан кейінгі қорытынды кесте:


Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: FC AstanaUEFA Champions LeagueЧемпиондар лигасыЕуропа лигасыҒабит Сапарбеков"Астана" ФКБолжам-бәйгеАрдақ ТоғымовМадина АсылбекӘлібек БайшүленовНағи БақытбековМихаил ВасильевӨмірбек Сансызбаев

Вернуться назад