«Астанаға» бәрі сенеді, «Қайраттан» сезіктеніп, «Ертістен» қауіптенеді

Футбол
«Астанаға» бәрі сенеді, «Қайраттан» сезіктеніп, «Ертістен» қауіптенеді
Болжам-бәйге. Еурокубоктар. 3-тур
Ертеңнен бастап үш клубымыз Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы бірінші кездесулерін өткізеді.

Ертең кешке «Астана» Юрмалада жергілікті «Спартакпен» 2017/2018 жылдар маусымндағы Чемпиондар лигасы додасын бастайды. Біздің болжамшылары-мыздың бәрі де ел чемпионының Латвияда жеңіске жететініе бек сенімді. Бәрекелді, айтқандары келсін дейміз.

Ал «Қайраттан» сезіктенетіндер де бар екен. «Скендербеу» осал қарсылас емес, әрине. Әйтсе де, Алматы клубы жеңіске жетеді деп ойлайтындар аз емес. Әрі 2-3 доп айырмасымен басым түсіп, қарымта матчқа еңсесін тіктеп баратындығына сенеді, көпшілік.

Өкінішке қарай, «Ертіске» шежіресі мол, азулы қарсылас тап болды. Біздің болжамшыларымыздың көбісі Димитар Димитровтың шәкірттері “жеңілістің кермек дәмін татады” деген пікірде. Ал біз Павлодар клубының жанкешті жігіттеріне сенеміз...


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: FC AstanaUEFA Champions League"Қайрат"Чемпиондар лигасыЕуропа лигасы"Ертіс"Ғабит Сапарбеков"Астана" ФКБолжам-бәйгеАрдақ ТоғымовМадина АсылбекӘлібек БайшүленовНағи БақытбековUEFA Europa LeagueМихаил ВасильевӨмірбек Сансызбаев

Вернуться назад