Қазақтың “Ел-классикосында” “Астана” жеңеді – Нағи Бақытбеков

Футбол
Қазақтың “Ел-классикосында” “Астана” жеңеді – Нағи Бақытбеков
"KazFootball.kz" республикалық ақпараттық футбол порталының директоры Нағи Бақытбеков
Қазақстан премьер-лигасының ХХ турының екі ойынына "KazFootball.kz" республикалық ақпараттық футбол порталының директоры Нағи Бақытбеков болжам жасайды.

ХХ тур. Маңызды тур. Биылғы ел чемпионатындағы негізгі бәсекелестер бір-бірімен кездеседі. Футболда мұндай ойындарды әдеттегідей үш ұпай емес, «алты ұпай үшін» өтетін кездесулер деп атайды. Осы қызықты турдың маңызды екі ойыны мерзімінен ертерек өтетін болып отыр. 

Осы жауапты ойындарға болжам жасау мәртебесін қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде спорттық ақпарат әлемінен ойып тұрып орын алған, футбол жанкүйерлерінің көбісінің сүйікті басылымына айналған "KazFootball.kz" порталының басшысына ұсынғанды жөн көрдік.    

«Ордабасы» – «Ертіс» – 1:1

Биылғы жылғы қола жүлдеге таласатын қос команда арасындагы ойын деп білемін. «Ертіс» сырт аланда жақсы ойнайды. Ал «Ордабасы» соңғы алты ойында ұтылған жоқ. Тартысты ойын болады деп сенмін. Таңат Нөсербаевтың ескертулеріне байланысты алаңға шықпауы, «орда» үшін қиындау болады, әрине. Есеп 1:1 болады деп ойлаймын.  

«Қайрат» – «Астана» – 0:2

Қазақтың "Ел-классикосы"! «Астана» чемпиондық кестемен алда келеді. Бірінші турда «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін ел чемпионатында ұтылған емес. «Қайрат» 3-4 күн сайын бір ойын өткізіп жүр. Чемпионатпен қатар ел кубогы аясында ойнап келеді. 60 минуттан соң алматылыктар алқынып қалады, физикалык тұрғыда кемшін тұстары бар. «Қайрат» – премьер-лигадагы кез келген командадан ұтыла салатын команда. Бірақ "Астанамен" кездескенде, олар әрдайым ерекше құлшыныспен шығады. Дегенмен, Стойлов шәкірттері бұл ойында жеңіске жетеді деп ойлаймын. Есеп – 0:2 немесе 1:2.


Жаңа көшбасшы – Әнуар Әбдірахманов

Өткен, ХІV турдың ойындарына sports.kz сайтының шолушысы Әнуар Әбдірахманов болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты матчтың нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.

Әнуар Әбдірахмановтың ХІV турға берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тапты, ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты. 

** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті.

*** – VІІІ турдың екі ойыны кейінге шегерілген.

Автор: Бек Төлеу

Теги: FC AstanaҚазақстан Премьер-лигасы"Қайрат""Ертіс""Астана" ФК"Ордабасы" ФКБолжам-бәйгеKazakhstan Premier LeagueKairat AlmatyНағи БақытбековKazFootball.kz

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку