Өз алаңында әлі жеңілмеген команда 13-турда сүрінеді – Тұрлыжан Әйтенов

Футбол
Өз алаңында әлі жеңілмеген команда 13-турда сүрінеді – Тұрлыжан Әйтенов
«Қазспорт» телеарнасының редакторы Тұрлыжан Әйтенов
Қазақстан премьер-лигасының ХІІІ турына «Қазспорт» телеарнасының редакторы Тұрлыжан Әйтенов болжам жасайды.

«Тобыл» – «Оқжетпес» – 3:0

13-ші турдың шымылдығы «Тобыл» мен «Оқжетпес» арасындағы ойынмен ашылады. Бұл кездесуде қостанайлықтар жеңіске жетуі тиіс. Біріншіден, «Тобыл» биылғы чемпионатта өз алаңында жеңіліп көрген жоқ. «Астана» мен «Қайрат» та жеңе алмаған командадан «Оқжетпес» басым түседі дегенге сену қиын. Екіншіден, «Оқжетпес» бас бапкерсіз қалды. Омари Тетрадзенің ойыншыларын алаңға қайрап шығаратыны анық. Өз жанкүйерлері алдында жеңіске жетіп, үш ұпай еншілемесе, ресейлік маманның төбесінен де бұлт үйірілуі ғажап емес.

«Ордабасы» – «Ақтөбе» – 3:1

«Ордабасы» және «Ақтөбе» кездесуінің фавориті – алаң иелері. Шымкенттік клуб жеңіске жетеді. Бірақ, голдары жауапсыз болмайды. Бас бапкерлік қызметке Владимир Муханов келгеннен кейін, «Ақтөбенің» ойыншылары, әсіресе алаңға алғашқы минуттардан бастап шыққан футболшылар, жаңа жаттықтырушының сенімін ақтау үшін шабуыл жасаудан именіп қалмайды.

«Қайрат» – «Тараз» – 3:0

Алматы клубы чемпиондық атаққа таласамын десе, қонақтарын ұтуы керек. Дегенмен, «Таразға» да премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін ұпай керек. Бірақ бұл ойында Цхададзенің шәкірттері чемпионаттағы алтыншы жеңісіне жетеді деген сенім мол, күмән жоққа тән.

«Ақжайық» – «Астана» – 0:1

«Ақжайық» биылғы маусымда қонақтарына үш ұпай сыйлап көрмеген. Ендеше, оралдық клубтың өз алаңындағы алғашқы жеңілісі 13-ші турда тіркелуі тиіс. «Астананың» тәжірибесі мен ойыншыларының шеберлігі ел чемпиондарының жеңіске жетуіне септігін тигізеді.

«Қайсар» – «Шахтер» – 2:0

Чемпионат басында көпшілікті таңдай қақтырған қызылордалықтар қазір турнир кестесінің бел ортасында жүр. Ендеше, «Қайсарға» бұл ойында ұпайларын түгендеп алуға тамаша мүмкіндік бар. «Арландар» «Шахтерге» тістерін батыра алады.

«Ертіс» – «Атырау» – 3:2

Еліміздің бес дүркін чемпиондарына бұл ойында оңай болмас. Ақтөбедегі кейінге шегерілген ойындыесепке алмағанда, «Атырау» соңғы бес турда жеңілмей, жоғары өрледі. Ал павлодарлықтардың қарқыны тежеліп қалды. Соған қарамастан, «Ертіс» жеңіске жетеді деген болжал басым.


Ғабит Сапарбеков сытылып алға шықты

Өткен жолы, VІІ турдың кейінге шегерілген бір ойынына Шымкенттегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің спорт шолушысы Ғабит Сапарбеков болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен матчтың нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар. Ал VІІ турдың қалған ойындарына берген болжамымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Ғабит Сапарбековтің VІІ тур матчына берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тапты, ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін және екі ойынның доп айырмасын болжап шықты. 

** – VІІІ турдың екі ойыны кейінге шегерілген.


Автор: Айқын ЖАППАР

Теги: Қазақстан Премьер-лигасыБолжам-бәйгеKazakhstan Premier League13-турТұрлыжан Әйтенов

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку