Чемпиондар лигасы. Жартылай финалдың барлық "болжамшысы" белгілі болды

Футбол
Чемпиондар лигасы. Жартылай финалдың барлық "болжамшысы" белгілі болды
Чемпиондар лигасы. Жартылай финалдың барлық "болжамшысы" белгілі болды
Чемпиондар лигасының "Болжам-бәйге" бәсекесінде жартылай финалға шыққан төрт "болжамшымыз" да белгілі болды.

Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алған командалар толық белгілі болды. Мадридтің командалары «Реал» мен «Атлетиконың» ізін ала «Монако» мен «Ювентус» те чемпиондыққа таласатын төрт команданың қатарына ілікті.

Ал «Болжам-бәйге» бәсекесінде жартылай финалдың алғашқы екі жолдамасы Еркін Шәкір мен Думан Балықбаевқа бұйырған. «Барселона» мен «Ювентус» текетіресінің қорытындысы бойынша Мадина Асылбек қосымша көрсеткіштер бойынша Ая Өміртайдан басым түссе, «Монако» – «Боруссия» текетіресінде Ермұхамед Мәулен футболшы Дидар Сыдықбекті 1:0 есебімен жеңді.

Осылайша Чемпиондар лигасының «Болжам-бәйгесінде» футболшылар қалмады. Бас жүлдеге кіл журналистер таласады.


Еурокубок «болжам-бәйгесінің» ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар

Автор: Әлихан ЖАППАР

Теги: Чемпиондар лигасыДидар Сыдықбекболжам-бұрышЕрмұхамед МәуленБолжам-бәйгеЧемпиондар лигасының болжам-бәйгесіАя ӨміртайМадина Асылбек

Вернуться назад
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку