«Тараз» «Алтайды» тізерлетті – Талгаев Тимофеевтен айласын асырды

Футбол
«Тараз» «Алтайды» тізерлетті – Талгаев Тимофеевтен айласын асырды
«Тараз» – «Алтай» – 2:1. Фото: fctaraz.kz
Бүгін Шымкентте «Тараз» бен «Алтай» кездесіп, Қазақстан кубогының іріктеу кезеңіндегі соңғы жолдаманы сарапқа салды.

2018 жылғы Қазақстан кубогының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойындар да аяқталды. «D» тобындағы шешуші матчта «Тараз» бен «Алтай» кездесті. Екеуі де бұған дейінгі ойындарында жеңіске жетіп, осы топқа бөлінген жалқы жолдаманы екеуара матчта сарапқа салды.

Ауа-райы мұндай маңызды ойынға қолайсыздау болса да, екі команда да аянбай, табан тіресе додаға түсті. Әуелі «Алтайдың» айдарынан жел есті. Матчты жоғары қарқында бастаған шығысқазақстандықтар есеп ашып, Жандос Сұлтан өз командасы мен жанкүйерлерін қуанышқа кенеді. 

Екінші таймда «Тараз» қарқынын үдетті. Оның үстіне «Алтайдың» жас қақпашысы қателесіп, тіс қаққан Предраг Говадерица айып соққысын орындағанда, оның шыр айналдыра тепкен добын қолынан шығарып алды... Сөйтіп, 47-минутта таразы басы теңесті.

«Тараз» мұнымен шектелмеді. 72-минутта Тимур Байжанов жеңіс голын соғып, Талгаевтың шәкірттері алға шықты. Көп ұзамай «Алтайды» капитаны алаңнан қуылып, шығысқазақстандықтар матчты кем құрамда аяқтады. Жалпы, бұл ойында төрешілерге наразы болғандар бар да секілді...

«Алтай» – «Тараз» – 1:2 (1:0)

Голдар: Сұлтан, 1 (1:0). Говедарица, 47 (1:1). Байжанов, 72 (1:2).

Ескертулер: Ирисметов, 14. Вяткин, 17. Воротников, 41. Кеңесбек, 52. Күнов, 76.

Алаңнан қуылды: Ирисметов, 76 (екінші ескерту)

«Алтай»: Данил Подымский, Әнуар Ұмашев, Нұржарық Күнов, Бауыржан Тәңірбергенов, Фархадбек Ирисметов (к), Ойбек Балтабаев, Константин Заречный (Вячеслав Сердюков, 80), Владимир Вяткин (Олег Овчинников, 53), Дәурен Қайқыбасов, Жандос Сұлтан (Арман Нүсіп, 57), Алексей Шакин.

Қосалқы құрам: Әнуар Сапарғалиев, Исламбек Асан, Антон Молтусинов, Алтынбек Түлеев, Арыстан Қуанов.

«Тараз»: Самат Отарбаев, Әділет Кеңесбек, Евгений Шипицин, Илья Воротников (к), Бекзат Бейсенов, Предраг Говедарица, Мадияр Нұралы, Гаврил Кан, Думан Тұрсынбай, Бауыржан Байтана (Шейхислам Құлахметов, 46) Константин Дудченко (Тимур Байжанов, 46).

Қосалқы құрам: Алмаз Хамытбеков, Руслан Іргебаев, Диас Сабыров, Бектас Нұрдәулет, Данил Цой.

Төрешілер: Алексей Бобров (Қарағанды), Марал Әбдікеров (Қызылорда), Елена Алистратова (Қостанай)

Қосалқы төреші: Элвира Нұрмустафина (Теміртау)

26 наурыз, 2018. Шымкент, «БИІК» ФО. 100 көрермен.

«Екібастұз» – «Ақ-Бет» – 4:1


Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Ваит ТалгаевСергей ТимофеевҚазақстан кубогы"Алтай" ФК"Тараз" ФК1/8 финалыІріктеу ойындарыKazakhstan CupFC TarazVait TalgayevAltai

Вернуться назад