Қазақстан кубогы – Әуесқой командалардың әуселесі қалай екен?!

Футбол
Қазақстан кубогы – Әуесқой командалардың әуселесі қалай екен?!
«Тараз» – «Ақ-Бет» (Павлодар) – 1:0. Фото: fctaraz.kz
Шымкентте 2018 жылғы Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі басталып, командалардың көбісі кемі бір ойыннан өткізіп шықты.

Бұған дейін жазғанымыздай, биылғы ел кубогы додасына екі әуесқой команда қатысып жатыр. Олар – «Ақ-Бет» (Павлодар) және «СДЮСШОР №8» (Астана). Бұл екеуі былтыр Қазақстан футбол федерациясының әуесқой командалар арасында өткізген біріншілігінде үздік шыққан.

Осы екі ұжымның біреуі, атап айтқанда, «Ақ-Бет» алғашқы ойынын өткізіп, былтыр ғана премьер-лигада ойнаған «Тараздан» 0:1 есебімен ғана ұтылды. Футбол әлеміне кеңінен танымал Ваит Талғаевтың шәкірттері жалғыз голды 79-минутта соғып (Думан Тұрсынбай), әупіріммен жеңіске жетті...

18 наурызда басталған ел кубогының алғашқы сатысында әзірше алты ойын өтті. Енді солардың нәтижесімен таныс болыңыздар:

«А» тобы

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Оңтүстік академиясы» (Шымкент) – 1:1
«Оңтүстік академиясы» – «ОСДЮСШОР – Жас Ұлан» (Шымкент) – 6:1

«В» тобы

«Мақтаарал» (Атакент, ОҚО) – ЦСКА (Алматы) – 1:1

«С» тобы

«Қыран» (Шымкент) – «Каспий» (Ақтау) – 3:3

«D» тобы

«Тараз» (Тараз) – «Ақ-Бет» (Павлодар) – 1:0
«Алтай» (ШҚО) – «Екібастұз» (Екібастұз) – 6:1

Автор: Нұрғазы САСАЕВ

Теги: Ваит ТалгаевҚазақстан кубогы"Тараз" ФКІріктеу ойындарыKazakhstan Cup"Ақ-Бет" (Павлодар)

Вернуться назад